Қамбар ата - Төрт түлік, аң-құстар - Өлеңдер, тақпақтар - Балаларға базарлық - Балалар әлемі
.:: Балалар әлемі ::.
Сейсенбі, 29.07.2014, 20:44
Сәлеметсіз бе!, Қонақ
Басты бет » Балаларға базарлық » Өлеңдер, тақпақтар » Төрт түлік, аң-құстар

Қамбар ата
Қамбар  ата — үйірдің
Азынаған айғыры.
Таңдап мінер жүйрігін,
Ер қанаты — байлығы.
Тұлғасы  да келісті,
Аяғын сермер тік алып.
Аяңы есем желісті,
Жал-құйрығы шұбалып.
Бұлан мойын, құлан сан,
Көзі мөлдір мойылдан.
Бұдыры жоқ тұрар шаң,
Тұяғы  жұмыр құйылған.
Алпауытты ақберен
Құлынымды өсірем.
Қуған жетпес ат мінем,
Далада еркін көсілем.
Моһи, моһи, жүйрігім,
Желмен жарыс көгалда.
Сүлік мүсін, сүйрігім,
Оқ бойы озғын тек алға.

Бөлім: Төрт түлік, аң-құстар | Қосты: Kz_ref_Mara (05.10.2012)
Көрсетілімі: 1166 | Рейтингі: 5.0/1
Барлық хабарлама саны: 0
Есіміңіз *:
Email:
Код *: