ТУҒАН ЖЕР - Туған жер туралы - Өлеңдер, тақпақтар - Балаларға базарлық - Балалар әлемі
.:: Балалар әлемі ::.
Бейсенбі, 24.07.2014, 02:06
Сәлеметсіз бе!, Қонақ
Басты бет » Балаларға базарлық » Өлеңдер, тақпақтар » Туған жер туралы

ТУҒАН ЖЕР

Алтын бесік, туған жер, далам менің,
Қанат қаққан ұяңнан балаң едім.
Сырлы сазын  жүректің төгейін деп,
Сағынышты сан жылғы ала келдім.

Қайырмасы:
Туған жер сұлулығын
Жырласқан бұлбұлыңмын.
Сімірген тұнық нұрын
Бүр ашқан бір гүліңмін.
Түрленген тұлымы мың,
Жібек жал құлыныңмын.

Көкке өрлетіп қиялды сан ұшырар,
Көңіл сазын күйлетер қамысы бар.
Иісі  сіңген бойыма шөптерінің,
Кер даламның көмейде ағысы бар.

Самғап ұшсам  өмірдің ұшағында,
Өздеріңсің дем берген ұшарымда.
Туған жердей жазира пейілім кең,
Бәріңді де сыйғызам құшағыма.

Бөлім: Туған жер туралы | Қосты: Kz_ref_Mara (07.10.2012)
Көрсетілімі: 2513 | Хабарламалар: 8 | Рейтингі: 5.0/3
Барлық хабарлама саны: 8
8 асылжан   (03.02.2013 19:28)
маган нормально***********

7 Құралай   (01.02.2013 12:46)
керемет, просто супер

6 Адэля   (20.01.2013 23:10)
Супер маганда унады

5 Салтанат   (16.01.2013 17:28)
Тамаша маған ұнады

4 гулназ   (15.01.2013 12:15)
Тамаша мағанда ұнады

3 арайлым   (14.01.2013 10:29)
тамаша маган унады

2 Асель   (08.12.2012 19:15)
және де қайырмасы ұнады

1 Асель   (08.12.2012 19:15)
Тамаша маған ұнады

Есіміңіз *:
Email:
Код *: