Сайт мәзірі
» » Айгөлек-ау айгөлек

Айгөлек-ау айгөлек



Көлдей шалқып жас өмір,
Тасып жатқан шағында
Кемерінен шалықтап,
 Асып шатқан шағында
Ойын ойнап, ән салмай 
Өсер бала болар ма
Күміс күлкі көрмей ол
Кемеліне толар ма.

Айгөлек ау айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Айдай толған кезімде  3 рет
Би билеймін дөңгелеп.

Асыл сөздің ұстасы-
Ақын болар ұрпақпыз
Өнер, білім, еңбекке,
Жақын болар ұрпақпыз
Он саусағы майысқан
Шебер болар ұрпақпыз,
Тұла бойы толған бір
Өнер болар ұрпақпыз.

Айгөлек ау айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Айдай толған кезімде   3 рет
Би билеймін дөңгелеп.

Тегтер:
Қосты: Kz_ref_Mara
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Әндер
|
Көрсетілімі: 20 653
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.