Сайт мәзірі
» » БОЗША ТОРҒАЙ

БОЗША ТОРҒАЙ

Ерте тұрған Омар атай үй сыртындағы бақшаны аралап келе жатты. Түнi бойы жаңбыр жауған. Жер саз. Омар атай бiр топ жусанның ығында бүрiсiп отырған кiшкентай құсты көрдi. Ұшуға жарап қалған бозтор-ғайдың балапаны. Тұмсығының жиектерi сап-сары. Өзiне жаңбыр өткен. Екi қанаты салбырап, дiр-дiр етедi.

Балапан Омар атайға жасқана қарады. Қорқып кеттi. Салбыраған қанатын жиюға шамасы келмей, сүйреткен бойы бiр түп жусанды сырт айнала бердi. Бiрақ жүгiрiп кете алмады. Жығылып қалды. Омар атай бозша тор-ғайды жерден көтерiп алды. Алақанына қойып аз ғана уақыт қызықтай қарады. Әрi тойған, әрi қорыққан кiшкене құс қалшылдап тұр.

Омар атай бозша торғайды үйiне әкелiп, күн сәулесi түсiп тұрған терезе жақтауына отырғызды. Алдына ыдыс-қа салып жем әкеп қойды. Бозша торғай жем жемедi. Омар атайға жалт-жалт қарай бердi. Омар атай оның сырын сезiп, жымиып қана күлдi де, тысқа шығып кеттi. Сәлден кейiн терезеден сығалап қарап едi, кiшкене құс жемдi терiп жеп жатыр екен. Үстi де құрғап, кеуiптi. Бозша торғай ыдыстың ернеуiне ұшып қонды.

– Ә, әлденiп алдың ба? Өзiңе дос екенiмдi бiлген шығарсың? – деп қойды атай. Омар атай ептеп келiп терезенi ашты.

Бозша торғай ыдыстың ернеуiне қонды. Көтерiлiп барды да, әуеде қалықтап тұрып әндете бастады.

 

Тегтер:
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Әңгімелер
|
Көрсетілімі: 4 937
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.