Сайт мәзірі
» » АЯҚТАЛМАҒАН ОЙЫН

АЯҚТАЛМАҒАН ОЙЫН

Ауылдың шетi. Қарлы төбешiкке су құйылып, сырғанақ жасалған.

Бiрнеше бала сырғанақ теуiп жүр. Олардың iшiнде ағайынды Ахметовтер де бар. Ақан мен Асан екеуi бiр шанаға отырып, төбеден төмен зымырайды. Беттерi қызара бөртiп, сырғанап ойнаудан жалығар емес. Ақан мен Асан төбе басына шықты. Шананың алдына Асан отыратын. Ол абайсызда шанадан айырылып қалды. Бос шана төмен қарай сырғанай жөнелдi. Алысқа барып бiрақ, тоқтады.

– Ақан, сен барып шананы алып кел, – дедi iнiсiне Асан.

– Мен бармаймын. Шанаға ие бола алмаған өзiң, сен бар, – дедi Ақан.

– Жоқ, сен барасың. Сен менен кiшiсiң, – дедi Асан.

– Бармаймын. Үлкенмiн деп, жұмсай бересiң, шананы да үнемi мен сүйреймiн.

Сөзi етпеген Асан ашуланып төменге түстi. Шананы жетектеген бойы төбеге емес, үйiне қарай бет алды. Ақан не iстерiн бiлмей, төбе басында аңырып тұр.

Тiл табыса алмаған Ахметовтердiң ойыны осылай аяқталмай қалды.

 

Тегтер:
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Әңгімелер
|
Көрсетілімі: 5 552
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.