Сайт мәзірі
» » ЖЕТI ҚАРАҒАЙ

ЖЕТI ҚАРАҒАЙ

Күнде таңертең ұйқыдан оянған соң, ойын базарына қарай шапқылай жөнелетiн Жомарт бүгiн орнынан тұра:

– Әке! – деп айқайлады. Бұл кезде әкесi далаға шығып кеткен. – Әкем қайда?.. Әке!..

Жомарт еркелiкке басып, тағы да қыңқылдады. Еш-кiм үндемеген соң, жүгiрiп терезеге барды. Әкесi терезе түбiнде топырақты қопсытып, жасыл бүршiгi балауызданып, бусана бастаған жас ағаштарды баптап жүр екен. Қуанып кетiп, жалма-жан киiне бастады. Кеше оған әкесi үй алдындағы қарағайға тағы бiреуiн қосып, жаңа көшет отырғызатынын айтқан-ды. Әне, қара қошқыл тамыры тарам-тарам болып, қобыраған балапан қарағайды қазулы шұңқырдың қасына апарып та қо-йыпты. Шүпiлдей су толған шелек және тұр.

Қуанған Жомарт сыртқа ата жөнелдi. Қорада шеше-сiне соқтығысып қала жаздады.

– Қуанышым-ау, байқасайшы.

– Апа, менi неге оятпадың? – деп, өзiнiң кеш тұрғанына өкiндi.

– Жомарт, қолым тимей жатыр, ана кiшкене шеле-гiңмен құбырдан су әкелiп бершi, – дедi шешесi – Қанша әкелейiн? – деп, Жомарт құлшынып кеттi.

– Бiр шелек жетедi.

– Жоқ, апа, жетi шелек әкелемiн. – Жомарт кiшкене топатайын алып, жүгiре жөнелдi. Айқайлап барады. Апа, қозыларға жетi топатай су беремiн, қиярларға жетi реттен су құямын... Жетi рет, жетi рет... Мен жетiдемiн. Баланың қуанышында шек жоқ. Шешесi күлiмсiреп, ұлының соңынан қарап отыр.

Жыл сайын мамырдың басында әкесi үйдiң алдындағы шағын бауға бiр балапан қарағай қосып қояды. Жасыл қанатын жайған алты түп қарағай иық тiресе қаулап келедi. Жомарт дүниеге келгеннен берi әкесi баласының туған күнiне белгi ретiнде бiр түп қарағай отырғызады. Ендi, мiне, жетiншi қарағай да осы мекен-нiң сәнi болып жайқалады.

Жомарт алқына әкесiнiң алдына жетiп барып, маңдайынан иiскеттi де, секiрiп-секiрiп түстi. Сонан соң көшедегi құбырға қарай тартты.

Ол айтқанындай-ақ, шешесiне жетi топатай су әкел-дi. Қозыларға да жетi топатай су бердi. Қияр көшеттерiне де жетi топатай су құйды.

 

Тегтер:
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Әңгімелер
|
Көрсетілімі: 2 336
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.