Сайт мәзірі
» » МЕЙIРIМДIЛIК СӘУЛЕСI

МЕЙIРIМДIЛIК СӘУЛЕСI

Бекен жүгiрiп барып балконның есiгiн ашып жiберiп едi, еденде тыпыр-тыпыр етiп жатқан әлдебiр құсты көрдi. Аңдап басып жақындап келдi де, ойланып тұр-мастан, сарт-сұрт ұрып жатқан қанатынан ұстай алды. Жүгiрiп барып шамды жағып жiберiп қараса, үлкендiгi кеседей ғана кәдiмгi ақ көгершiн. Баланың көзi жайнап сала бердi. Көгершiннiң қанаты топшысынан жаралы екен. Қайта-қайта сұрақ қойып, бала көгершiндi әңгiмеге тартты. Жаралы құс қинала сөйлеп, мынаны айтты:

– Менiң туған жерiм – биiк-биiк таулардың ар жағындағы Дән елi. Джунгли арасындағы шағын қыстақта емiн-еркiн өмiр сүрiп жатқанбыз. Елiмiз асып бара жатқан бай болмаса да, тұрмысымыз жақсы, көңiлiмiз шат едi. Көзiмiздi ашқалы көргенiмiз оңтүстiктiң ашық аспаны, сол аспанға шаншыла ұшқан бейбiт елдiң түтiнi. Жапырағы сыбдырлап, құстары сайраған ну джунгли. Қысқасы, бiздiң бар бiлетiнiмiз мамыражай бейбiт тiрлiк қана едi.

Бiр күнi айналаны арыстан жайлап кеткендей, джунгли iшi азан-қазан болды да қалды. Жер тiтiренiп, аспан күңiрендi. Жан-жақтан өрт қаулады. Сөйтсек, Арал елi бiзге қарсы соғыс бастаған екен.

Дүние асты-үстiне келген мұндай сұмдықты бұрын кiм көрген. Әсiресе бейбiт елдiң шыбындай қырылған адамдарын айтсаңшы. Басқыншы жау мынау әйел, мынау бала-шаға деп ешкiмдi аяған жоқ. Олар қыстақты қоршай бастаған кезде, менiң қожам ауланың бұрышында жатқан ескi ракетаны жөндеп, ұшуға әзiрледi. Бiрнеше көгершiндi ракетаға мiнгiзiп алып, аспанға ұшып шыққан. Бiрақ байқап қалған жау әскерлерi бiзге оқ жаудыра бастады. Аман құтылған жалғыз мен ғанамын. Бiрнеше көгершiн мен қожамыз қаза тапты. Майдан шебiнен ұзап шықтым да, ракетаны теңiз жағала-уына қондырдым. Жылап-сықтап жүрiп, достарымды сол араға жерлеген соң, бет ауған жағыма ұшып шықтым.

Алғаш келген ой не болса да, мағынасыз қырғынға тоқтау салғызу едi. Бiрақ оны кiмге барып айту керек-тiгiн, әрине, мен бiлгенiм жоқ. Тек көршi елдерден көмек сұрау қажет екендiгiн iштей сездiм.

Бiздiң басқа тiршiлiк иелерiнен өзгеше бiр қасие-тiмiз – адамдардың жан дүниесiнiң қандай екенiн жүрегiмiзбен сезе қоямыз. Бiр кезде қысылып, әлсiреп келе жатқан жүрегiм жылып қоя бердi. Әлденеге қуа-нып, жан-жағыма қарадым. Сөйтсек ракета бiр үлкен елдiң шекарасына енiптi. Бұл елдiң халқының мейiрiмдi жандар екенiн аңғардым. Қаланың үстiн айнала ұшып келiп, жаңа ғана осы үйдiң шатырына қонғанмын. Содан түсейiн деп қозғалсам, басым айналып барады. Көзiм қарауытып кетiп, құлап түскен жерiм сендердiң балкондарың екен.

Манадан берi демiн iшiне тартып үнсiз тыңдап отырған бала көгершiн сөзiн аяқтасымен орнынан ұшып тұрды да:

– Ол жауыздардың қылығын телевизордан мен де көрдiм ғой. Обал-ай десеңшi, – деп қыстыға дауыстап жiбердi. Көгершiн баланың өзiндей мейiрiмдi жан екенiн сезген болатын. Ендi екеуi де iштегi шерлерiн тарқата, қызу әңгiмелесiп кеттi. Әңгiменiң соны ендi не iстей-мiзге тiрелген, – Сенiң ракетаң бар екен ғой. Жүр кетейiк, – дедi Бекен дереу иығына жейдесiн iлiп алып, Көгершiн тары көздерiмен оған таңырқай қарады:

– Сонда бет алды қайда барамыз?

– Сендердiң елiңе жетiп, дереу соғысты тоқтатпаймыз ба?

– Қайтiп тоқтатасың? Айтқанға көнiп қоя сала ма олар?

Бекен бiр сәт ойланып қалды. Шынында да, солай екен-ау. Соғысты тоқтату үшiн дәл қазiр қандай шара қолданғаны жөн?

– Таптым! – дедi сосын кенет қайтадан ұшып тұрып. – Бiз соғыс министрiне барайық.

– Қайдағы министр?

– Арал елiнiң министрi ше? Барлық әскер мен қару-жарақты басқаратын адам. Соғысты тоқтату соның қолында.

Көгершiн ел басқару жүйесiнен бейхабар болатын. Баланың саясатты өзiнен гөрi тәуiр бiлетiнiн байқап, соның айтқанын дұрыс деп ұқты. Екеуi жедел жолға жиналған.

– Ата-анаң рұқсат ете ме? – деген көгершiннiң сұрағына бала:

– Жоқ, бiз көп кiдiрмеймiз ғой. Таң атқанша келiп те қалармыз. Жүр тездетейiк, – деп жауап бердi. Көп кiдiруге уақыт жоқ едi. Өйткенi соғыс жүрiп жатқан болатын.

Шырқап биiкке көтерiлген ракета түнгi кеңiстiктi тiлiп зулап келедi.

– Менiң атым Шапағат, сенiң ше? – дедi көгершiн серiгiне қарап қойып. Оның да көңiлi ептеп орнына түскен секiлдi, даусы орнықты шықты.

Бекен жайшылықтағы дағдысына басып, сампылдай сөйлей жөнелген. Өзiнiң екiншi класта оқитынын, суреттi кiтапшаларды да, мультфильмдердi де жақсы көретiнiн, папасы мен мамасының дүниедегi ең жақсы адамдар екенiн, қарындасының ойын құмарлығын – бәрiн бiрер минуттың iшiнде тiзбелеп айтып шықты. Бекен иллюминаторға жабысып, жер бетiне үңiле қараған. Айнала қандай әдемi едi. Сонау төменде ирелеңдеген өзендер, көгiлдiр көлдер мен таулар көрiнедi. Әр жерде қалқыған мамық бұлттар мақтаның басындай iлiнiп тұр. Ауа тұп-тұнық, тап-таза. Осынау әдемi өлкеде тыныш өмiр сүруден артық не бар?!

Көңiлiн белгiсiз қуаныш билеп, тәттi қиялға берiле бастаған баланың ойын Шапағаттың:

– Ананы қарашы, – деген үрейлi даусы бөлiп жiбердi. Сөйтсе, бұлар соғыс жүрiп жатқан Дән елiнiң үстiне келiп қалған екен. Ракета екпiнiн тежеп, дереу құлдилай бастады.

Орманды ораған өрт, қыстақтардың шаңын бұрқыратып жарылып жатқан бомбалар аспаннан да айқын көрiнiп тұр.

Шапағаттың тарыдай ғана көздерi жасқа шыланыпты.

– Мына ойраны шыққан жерге қарауға дәтiм жетер емес. Тезiрек жаңағы үлкен бастығына барайықшы, – дейдi жыламсырай сөйлеп. Сөйткенше болған жоқ бұлардың ракетасы қызу ұрыс жүрiп жатқан майдан даласының үстiнен шыға келдi. Айнала – тарс-тұрс, гүрс-гүрс. Әуеде айқыш-ұйқыш зулаған самолеттер. Ракета ә дегенiне солардың ортасына кiрiп те кеттi.

Шапағат тырнағымен жасыл түймешiктi басып қалғаны сол едi, ракета кеңiстiктi тiлiп, жұлдыздай ақты.

– Бiз Арал елiнiң үстiндемiз, – дедi ол арттағы қа-терден құтылған соң. – Жүрегiм сезiп келедi, бiз ендi сақтанып жүруiмiз керек. Бұл елде бейбiт тiрлiкке қаны қас, ниетi бұзық адамдар көп сияқты.

Келесi минутта «Зымыран» Арал елiнiң астанасын бетке алып, қонуға дайындала бастады.

Қала көшесiндегi жұрттан сұрастыра отырып, екеуi айналасына мықты күзет қойылған еңселi үйге келдi. Соғыс министрi осында тұрады екен.

Аспай-саспай жөнiн айтқан Бекенге хатшы бадырая қарап қалыпты. Сонан алдындағы селектор арқылы бастығына алыстағы елден бiр белгiсiз баланың келiп отырғанын хабарлаған. Баланың бойын белгiсiз қауiп билей бастады. Ет қызуымен келiп алып, ендi сескенуге айналды. Соғыс министрi деген атының өзi-ақ айбынды. Бұларды көрсе, дереу құртып жiберудi ойлайтын сияқты. Кекiлiн тарап, көгершiндi қолтығына қысқан Бекен ұзамай кабинетке кiрдi.

Министр әдемi галстугы мен алтын жақтаулы көзәй-негi бар сымбатты кiсi екен. Алтын тiстерiн жарқырата көрсетiп, бұған күле қараған. Бекен таңырқағаннан көздерi жыпылықтап, адамша сәлем берудi де ұмытып кеттi. Телевизордағы хабарды көрiп, Шапағаттың әңгi-месiн естiп, майданның үстiнен ұшып өткеннен кейiн, соғыс деген сұмдықтың кесапатын сәби жүрегiмен сезiп едi. Оның ұғымынша, бейбiт елдi қырып жоятын бас-қыншылар да дүниедегi ең сұмпайы, құбыжық бейнелi адамдар. Ал мына кiсi өзi ойлағандай емес, мүлде басқа жан. Сымбатты, сыпайы, әкесiнiң сөзiмен айтқанда, иман жүздi кiсi. Қорқатын түгi жоқ.

– Иә, балақай, сөйле, – дедi соғыс министрi қолақпандай трубкасын езуiне қыстырып. Бекен асығып-аптығып бұйымтайын айта бастады. Өзiнiң соғыс хабарын телевизордан көрiп ұйықтай алмағанынан бастап, жазықсыз қырылып жатқан адамдарды қатты аяйтынын, соғыс дегеннiң дүниедегi ең жаман нәрсе екенiн, қыс-қасы, өзiн мазалаған ең маңызды мәселелердiң барлығын түк қалдырмай айтып шықты.

Баланың сөзiн iлтипатпен асықпай тыңдаған министр:

– Жарайды, сонымен маған не айтпақсың ендi? – дедi алтын тiстерiн қайта жылтыратып.

– Ағай, бiздiң бiр өтiнiшiмiз бар.

– Бiз деп отырғаның кiмдер? Әлде сенi бiреулер жiбердi ме?

– Жоқ, бiз өзiмiз келдiк. Мына Шапағат екеумiз ғана.

Министр орнынан тұрып, ештеңе түсiнбегендей баланың қолындағы құсқа барлай қарады.

– Бұл өзi ақ көгершiн ғой, – дедi сосын трубкасымен Шапағатты нұсқай көрсетiп.

– Иә... (Соғыс министрiн «аға» деп айтуға болмайтыны есiне түсiп, сөзiн жұтып қойды). – «Ақ көгершiн – бейбiтшiлiк белгiсi».

Министрдiң әдемi, жылтыр өңi дiр етiп, бiр сәт бұзылып кеткендей көрiндi. Шапағатқа да аса зор өшпен-дiлiкпен зiлдене қараған сияқты.

– Бейбiтшiлiк белгiсi. Бейбiт сүйгiш адамдар. Ахаха! Қандай ақылды, парасатты жандар десеңшi. Дұрыс-ақ, бәрiмiзге де тыныштық, бейбiтшiлiк керек. Жер дүниенi жұмаққа бөлеймiз. Ауырмай-сырқамай мәңгi әдемi өмiр сүремiз. «Адамдар бiр-бiрiне бауыр және туысқан». Ой, шiркiндер-ай, десеңшi. Тiлегiң дұрыс, балақай, үйiңе қайта бер. Ертеңнен бастап, ол жақтағы соғысты тоқтатудың шарасын қарасамыз.

Соғысты тоқтату! Қандай тамаша сөз. Бекен осы уәдесi үшiн министрдi бас салып құшақтай алғысы келген.

– Ағай, – деген сөз шығып кеттi ерiксiз аузынан. – Ағай, ертең емес, бүгiң-ак тоқтатуға бұйрық берiңiзшi. Өйткенi ертеңге дейiн талай бала жетiм қалады ғой.

– Бар, бара берiңдер. Бәрi де болады. Қуанышы қойнына сыймаған бала жаңағы баспалдақпен жанталасып өрмелей жөнелдi.

«Зымыран» орнында тұр екен. Кабинаға кiрiп, жайғасып отыра берiп едi:

– Ендi от алдыр, – деген әмiрлi дауыс естiлдi. Бала таңырқап үлгергенше болған жоқ, қойнындағы көгер-шiн жанталаса ұшып шықты да, тұмсығымен тиiстi кнопканы басып жiбердi. Ракета бiрден-ақ екпiн алып, секунд сайын жылдамдығын үдете түстi.

– Құтылдық, әйтеуiр, – дедi бiр кезде Шапағат кеудесiн кере дем алып. Жыпылықтаған көздерiмен Бекеннiң ештеңе түсiнбегенiн аңғарған ол сәл үзiлiстен кейiн былай дедi:

– Кезекшiлер бiздiң қонған жерiмiздi бiрден-ақ байқап қалыпты. Бiз министрдiң қабылдауында отырған кезде, олар ракетаны аңди бастаса керек. Кабинаға кiрген уақытта, қасымызда пиғылы жаман кiсiлердiң отырғанын анық сездiм. Сәл кешiккенiмiзде, бiздi ұстап қалуы да, атып түсiруi де мүмкiн едi.

– Жоқ, өйтiп бекер сезiктенбейiк. Дап-дардай адам бiздi алдап неғылсын. Соғысты ендi тоқтататыны рас. Сонан кейiн үйге қайта беремiз, – деп, Бекен Шапағаттың арқасын сипап-сипап қойды. Сосын кабинадағы радиоқабылдағыштың құлағын бұраған, – Кәне, ән естiп, көңiлiмiздi көтерейiк. Сен әндi жақсы кересiң бе, Шапағат?

Әуе толқынына соңғы хабарлар берiлiп жатыр екен:

– Дән елiнiң ер-азаматтары касық қаны қалғанша шайқасуға даяр, – деген сөздi естiген кезде, Шапағат лып берiп, радиоқабылдағышқа жақындай түстi:

– Бiздiң елден соғыс жайлы айтып жатыр ғой.

– Дұшпан елдi мекендердi әуеден бомбалап, артиллериямен атқылауда. Соңғы сағаттағы хабарға қарағанда, Арал елiнiң Соғыс министрi Дән елiн мүлде жо-йып жiберуге бұйрық берген.

– Мүмкiн емес, – деп айғайлап жiбердi Бекен осы сөздердi естiген кезде шыдай алмай. – Жаңа ғана өзi соғысты тоқтатамын дедi емес пе?

Ендi «Зымыран» ракетасы дереу Ынтымақ аралына қарай ұшты. Тау арасындағы үлкен ғылыми орталықтан ғалым атаны табу онша қиынға түскен жоқ. Бiр лабораторияның түкпiрiнде шұқшиып жұмыс iстеп отыр екен. Сонда да достармен жылы амандасып, ежелгi танысындай тез шүйiркелесiп кеткен. Олардың әңгiмесiн естiгеннен кейiн-ақ әлгiнде мейiрiм нұрын шашып тұр-ған өңi сабындай бұзылып қоя бердi. Қайта-қайта басын шайқап, қатты қапаланды.

– Ата, мына соғысты қайтсеңiз де тоқтатыңызшы. Ендiгi үмiт сiзде ғана. Бiр амалын табыңызшы, – деп жалбарына сөйледi екi дос.

– Менiң негiзгi мақсатым да жер бетiне тиянақты бейбiтшiлiк орнату едi, – дедi қарт бiр кезде басын көтерiп алып. – Сол үшiн ғұмырымды сарп етiп, еңбек етiп келемiн. Саналы тiршiлiк иелерiн зұлымдықтан, қатiгездiк пен қанiшерлiктен арашалайтын дәрi де ойлап таптым. Бiрақ бұл дәрiнiң екi кемшiлiгi бар. Бiрiншiден, бұны жасау қиын әрi қымбат. Екiншiден, дәрiнiң күшi ұзаққа бармайды. Мен қазiр осы дәрiнi жетiлдiру үстiндемiн. Бiр кезде мейiрiмдiлiк дәрiсi жер бетiнде болыпты. Әттең, адамдардың салақтығы мен ұқыпсыздығының салдарынан құрып кеттi ғой.

– Ол дәрiнi кiм жасаған екен? – дедi атайдың сөзiн бар ықыласымен тыңдап отырған Бекен тағы да өзiнiң тағатсыздығын сездiрiп.

– Дерi бiздiң планетамызда ежелден болыпты. Көне жазуларға қарағанда, ол «Мейiрiмдiлiк сәулесi» деп
аталған. Ол кезде жер ғарыштың басқа түкпiрiндегi Мейiрбан планетасымен жақсы қарым-қатынаста болған. Жер адамдары түрлi таптар мен топтарға, мемлекеттерге бөлiнiп, өзара қырық пышақ бола бастаған кезде, Мейiрбандықтар өкпелеп, жерге оралмай кеткен көрiнедi. Егер «Мейiрiмдiлiк сәулесi» бар болса, сол Мейiрбан планетасынан табылуы тиiс.

Бекеннiң өтiнiшiмен қарт ғұлама ғарыш картасынан Мейiрбан планетасы орналасқан шоқ жұлдызды көрсеттi.

Аспанға қарап ойланып тұрған Бекен кенет Шапағаттың арқасынан қағып қалды:

– Қарашы, Шапағат, тура төбемiзге қарашы.

– Иә, көрдiм. Жұлдыздар жыпырлап тұр екен.

– Бiз солай қарай ұшсақ қайтедi. Атай айтқан «Мейiрiмдiлiк сәулесiн» алып келсек. Кәне, қазiр-ақ ұшып кетейiкшi осы.

Мұндай оқыс ұсынысқа Шапағаттың кiдiрiп жауап беретiн әдетi.

– Сәл сабыр етiп, ойланып көрейiкшi. «Зымыран» қияндағы сол бiр планетаға жете ала ма? Жеткен күннiң өзiнде жерге қалай ораламыз? Асықпай ойланған  жөн-ау.

Бiрақ Бекеннiң бүйтiп байсалды ой тоқтатуға мұр-шасы жоқ едi. Ойына алған нәрсесiн iске асырғанша тағат тауып отырмайтыны тағы бар. Өзiне қарамай, аспан кеңiстiгiне көтерiлiп кеткен достар алысқа жол тарт-ты. Шеңбер жасап жер шарын айнала ұшқан кездегiдей емес, ракета өнерiн ендi көрсеттi. Ұлан-байтақ кеңiстiктi тiлiп, зымырап ұшуында мүлтiк жоқ. Тiлшiк көрсеткен жылдамдық – жарық жылдамдығына жуық. Соның өзiнде «Зымыран» Мейiрбан планетасына дейiн тұп-тура бiр тәулiк ұшты. Бас мейiрбандық сәуленiң Жердiң қай бөлiгiнде екенiн бiлмесе де, оны тез табуға көмектесетiн бiр кiшкентай құрал сыйлады.

Осы хабарға көңiлi жайланған Бекен кәдiмгiдей қалжырап қалғанын ендi сезiп едi. Мейiрбандықтар ұсын-ған аспен жүрек жалғап, қисайған қалпы мызғып кетiптi.

Достар Мейiрбанның мейiрiмдi тұрғындарымен қайта-қайта қимай қоштасып, жолға шықты. Бiр тәулiк-тен кейiн Жерге жақындай бастады. Көгiлдiр жұмсақ сәуле шашып тұрған планета көзге сондай ыстық. Оған таяған сайын Шапағаттың өзi де шыдамсызданып, алдыңғы жаққа қарап, қадала түседi.

«Зымыран» екпiнiн тежеп, Жердi қоршаған ауа қабатына кiре бергенi сол едi, аяқ астынан достардың көздерi қарауытып, бастары айналып кеттi. Кабина iшiндегi ауа сиреп, тыныс тарылды.

– Мейiрбандай таза планетаға үйренген бiзге Жер ауасы тым ауыр сезiлiп түр. Әйтпесе Жер – баяғы өзiмiз-дiң Жерiмiз ғой, – деп түсiндiрдi Шапағат бұл құбы-лысты.

Достар «Мейiрiмдiлiк сәулесiн» табатын құралды Жер бетiне бағыштай отырып, планетаны айнала ұшуды ұйғарды. Ракета неғұрлым төмендеген сайын, жылдамдығын да азайта бастаған. Сөйткенше қайдан шыға келгенi белгiсiз, бiр бүйiрден екi соғыс самолетi пайда бола кеттi. Iле кабина iшiндегi радиоқабылдағыш сөйлеп қоя бергенi:

– Ей, ракетадағылар! Кiмсiңдер? Не керек сендерге? Саяхатшылар бiр ауық бiр-бiрiне қарап, абыржып қалысты. Аяқ астынан не деп жауап қатады? Бұлар ойланып үлгергенше, радиоқабылдағыштағы қатқыл да-уыс қайта сақылдай жөнелдi.

Сөйлеп тұрған Бүлiк елiнiң соғыс министрi болып шықты. Қайдан естiгенiн кiм бiлсiн, «Зымырандағы» саяхатшылардың өзiне өтiнiшпен келген көгершiн мен бала екенiн бiлiп қойыпты.

Соғыс министрi жылы-жылы сөйлеп, ана жолғыдай тағы да оп-оңай алдай салмақ қой. Бекеннiң ызасы мұндай келмес. Ондай арам ниетi ендi бола қоймас. Бала радиоқабылдағышқа аузын таяп, бар даусымен айғайлап жiбердi.

– Әуре болмаңыз, министр мырза. Бiз бәрiбiр соғысты тоқтатпай тынбаймыз. Бiлiп қойыңыз оны! Бiздi бiр рет алдап соқтыңыз, сол да жетер.

– Балақай, ендеше, өз обалың өзiңе! Бiз сен сияқты әуе кеңiстiгiн бұзған қарақшыны бүйтiп сайрандатып қоя алмаймыз. Қазiр атып түсiруге бұйрық берем.

– Өзiңiз бiлiңiз. Бiз бәрiбiр сiздiң елдiң үстiнен өтiп кеттiк.

– Оған қам жемей-ақ қой, балақай. Бiз манадан берi сендердi бақылап отырмыз. Ендi құтылам деп ойлама, бәлем! Бiр минуттан кейiн бiздiң ракета сендердi тас-талқан етедi.

Бiр минут. Бұл тым аз уақыт едi. Достар ендi шындап сасайын дедi. «Зымыранды» дереу төмендетiп қондырғаннан басқа амал жоқ. Екеуi де төмен қарап едi, айнала телегей-теңiз су екен. Ракета сол шалқар мұхитты қуалап, қырғидай зымырай жөнелдi. Оларды аман алып қалған – мұхит ортасындағы шағын арал. Әйтпесе зу ете түскен соғыс ракетасының – «Зымыранды» қағып түсерi анық едi. Тұрғындары тек жақсылық жасаумен аты шыққандықтан, арал Жақсылық аралы деп аталған. Ал мына бiр гүлге, арал халқы бiздiң арғы атамыз деп табынады екен. Қауашағы түнде сәуле шашып тұратын осы ғажайып гүлге қараған адам өзiнен-өзi мәз болып күле бередi екен. Оның «Бөбек күлкiсi» аталуы сондықтан. Мүмкiн, бұл гүл арғы аталарымыздың жер бетiнде қалдырған iзгi мұрасы шығар. Бұрын бұл аралда кiлең жақсы адамдар ғана тiршiлiк еткен.

– Алақай, бұл Мейiрiмдiлiк сәулесi ғой. «Бөбек күлкiсi» – Мейiрiмдiлiк сәулесi. Алақай!

Бекен гүлдiң бiр шоғын алып, анадай жерде тұмсығы аспанға шаншылып тұрған «Зымыранға» қарай құстай ұшты. Бiр тал «Бөбек күлкiсiн» тiстеген Шапағат қатарласып келедi. Арал балалары екi достың неге сонша қуанып кеткенiн ұғып жатқан жоқ. Әйтеуiр, гүлдiң өте қажет екенiн түсiнген олар әрқайсысы үзгендерiнше алып, ракетаға қарай жарыса жүгiрдi.

Бекен Шапағатты бауырына қысып алып, бұларға қол бұлғады.

– Бiз ендi соғысты тоқтатуға барамыз. Сосын сендерге ораламыз. Әзiрше сау болыңдар! – дедi олар.

Достар Мейiрiмдiлiк сәулесiнiң әсерiн көздерiмен көру үшiн, ракетаны джунглидiң шетiндегi ашық алаңға қондырды. Қараса, қонған жерлерi тура әскери бөлiмнiң жаны екен. Ауадағы қышқылтым дәрi иiсi де, түтiн мен шаң да әлi сейiле қоймаған. Ағаштар қурап, жер бетi шұрқ тесiк болыпты. Бiрақ әскерлердiң түрiне қарап, жаңа ғана осы жерде соғыс болды деп ойлай алмайсың. Қарқылдай күлiсiп, өздерiмен өздерi. Бұларды көрiп бiрнешеуi жүгiрiп келдi. Ендi екеуiн де төбелерiне көтерiп, мәз-мейрам.

Басқыншы елдiң бүкiл армиясы аяқ астынан осылай өзгерiп шыға келдi. Соғыс дегендi естен мүлде шығарып, қайтуға жиналып жатыр.

Екi дос осыдан кейiн қан төгiс пен зорлық-зомбылық үстемдiк етiп жатқан елдердi аралауға аттанды. Үш күн, үш түн ұйқы көрмей, тамақ iшпей, Жер шарын бiрнеше рет айналып өттi. Мейiрiмдiлiк сәулесi қашықтықтан-ақ адамның жан дүниесiне қатты әсер етедi екен.

Үш күн iшiнде Жер бетiнде бiр де бiр қара ниеттi адам баласы қалған жоқ. Ең жауыз баскесерлердiң өзi жүрегiнен тек аяушылық пен махаббат ұшқынын шашқан мейiрiмдi әкелер мен ағаларға айналды.

Үш күннен кейiн адамзат бұрын-соңды болмаған ғажайып дәуiрдiң құшағына ендi. Жер тарихында бiрiн-шi рет бүкiл адам баласы түгел қатысқан той болып өттi.

Сол түнi планета халқы тұңғыш рет тегiс тыныштық құшағында ұйықтады.


Тегтер:
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Әңгімелер
|
Көрсетілімі: 3 207
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.