Сайт мәзірі
» » АУЗЫНДА СӨЗ ТҰРМАЙТЫН КЕМПІР.

АУЗЫНДА СӨЗ ТҰРМАЙТЫН КЕМПІР.

АУЗЫНДА СӨЗ ТҰРМАЙТЫН КЕМПІР.

(Орыс ертегісі)

Бұрынғы заманда бір шал мен кемпір болған екен. Кемпір түбі тесік шелектей аузында сөз тұрмайтын кемпір екен. Егер шал үйінде бір оқиға бола қалса, сол сағатында барлық ауыл естіп біледі. Кемпірдің айтқандарының бәрі шындық болмай, көбінесе, ойдан шығарған жалған, өтірік болады екен.

Күндердің күнінде шал отын ала орманға барады, жүріп келе жатып бір жер ойылып аяғы кіріп кетеді. «Бұл не екен» деп, шал ойлады да, қарайыншы деп шұңқыр түбіне үңіледі.

Бір бұтақ ағашты сындырып алып, бос топырақты былай бір сыпырады, олай бір сыпырады, астынан бір қазан алтын шыға келеді.

Міне, сәті түсу деген осы болады, міне, саған

байлық. Бірақ мұны үйге алып бару керек. Суайт кемпірге көрсетпей қалай жасырарсың? Ол көрсе қоңыраудай сылдырап дүниеге жаяды. Басыңа пәле жапсырып аласың.

Ойланды шал, толғанды шал, қазан алтынды орнына қайта көмді де аулына қайтты.

Ертең әйеліне көрсетпей бір керсен құймақ, тірі қоян, тірі шортан алды да орманға тартып кетті.

Орман ішімен жүріп келе жатып, бірнеше бұтаққа құймақ іліп кетеді, бір үлкен бұтаққа шортанын іліп кетеді. Бір тор ішіне қоянын қамайды. Сөйтеді де, ізінше үйіне қайтады. Үйіне келіп:

– Ал қатын бізге бақыт келіп тұр? бірақ саған айтуға болмас. Сен барлық жұртқа жайып боласың ғой.

– Айт қартым, шын ешкімге аузымды да ашпаймын.

– Олай болса айтайын кемпірім, мен орман ішінен бір қазан алтын тауып алдым.

– Ой құдай-ай? Жүр тезірек, үйге алып келейік..

– Ізіңе бақ, ешкімге тіс жарма, өзімізге бәле жабыстырып аламыз.

– Қорықпа, бірақ өзің ешкімге айтпа, мен, мен үнімді шығармаймын. Аузыма құлып салармын.

Қарт кемпірін орманға алып келді, Кемпірі ағашқа ілініп тұрған құймақтарды көрді де:

– Бұл не қартым, бұтақтарға ілініп тұрған құймақтарды қарашы!

Қарт қарайды да салмақпен:

– Оған несіне таң қаласың, түнде көкте құймақ бұлты жүзіп жүрмеп пе еді? Сол бұлттың ағаш басына жауғаны ғой.

Кемпір таңданды да, тамсанды да бірақ тіс жармады. Сонымен, тағы ілгеріледі. Ілгерілей беріп кемпір ағаш басында бұтаққа ілініп тұрған сазанды көрді, көрді де тұрған орнында қатып қалды.

– Қарт, ә қарт!

– Неге тақырқайсың, жүр ілгері тезірек, — деді шал.

– Қарт сен шынымен көрмейсің бе, анау ағаштың басында өсіп тұрған сазанды көрмеймісің?

– Ой тоқтай тұр. Мен щығып алайын, кештік асқа қуырармыз, — деді де шал, ағаштың басына шығып сазанды алып түсті.

Тағы ілгерілей берді. Ілгерілей-ілгерілей өзенге келіп жетті. Өзенге жетті де шал кемпіріне:

– Тоқтай тұр, мен ауды қарайыншы, бірдеңе ілінген жоқ па екен? ауына қарайды да, айқайлап кемпірін шақырды.

– Қатын, қатын, қөрдің бе, мына ауға қоянның түсіп қалғанын?

– Тамаша, тамаша! Қояндар суда жүзетін болған-ау!

– Мейлі тіпті жақсы, мейрамда түскі асқа жарар, – деді.

Шал қоянды алды да, кемпірін орманға алып келді. Көрген жердегі алтынды әйелімен екеуі қазып алып, үйіне әкеле жатты.

Уақыт кешкі мезгіл еді. Қараңғы түсті, әлдеқайда сиырлар қеле жатты. Сиырлар, мөңіреді. Қемпір:


Шал, ә шал, сиыр мөңірей ме немене? – деді.

– Қандай сиыр, қайдан жүрген сиыр. Біздің мырзаның терісін шайтан сыдырып жатқаны ғой, – деді де, тағы ілгерілей берді. Тағы ілгері жүрді. Кемпір тағы да:

– Шал, ә шал, өгіздер мөңірей ме немене?

– Қандай өгіздер? Бұл біздің мырза мен су тасып жүрген шайтандар ғой тәңірі деді.

Шал мен кемпір алтындарын алып келгені де сол, жасырып қойғаны да сол еді, кемпір шыдай алмады, сауысқандай шықылықтап, көрші әйелдерге барды. Сыбыр салды. Бір әйел екінші әйелге, екінші әйел үшінші әйелге, әрі қосып, сыбырлап айта берді, Тілден ұзын не бар дейсіз? Оның жетпеген жері бар ма?

Әңгіме аяңдап старшинаға жетті. Онан да әрі кетті. Сөйтіп, шалдың алтын тауып алғаны туралы әңгіме бүкіл ауылға жайылды. Бұл аңыз мырзаның құлағына да шалынды.

Мырза бір қора адам жинап алып, шалды іздеп шықты. Аз жүрді ме, көп жүрді ме шалға да келіп жетті, шалдың есігінің алдына келіп:

Қайда әлгі оңбағаң тонаушы, талаушы, сені ме сені?! Менің жерімнен бір қазан алтын тауып алып, маған айтпай тығып алып отырғанын қара мұның, әкел алтынды мұнда, бер менің қолыма...

Шал қулықты бостан-бос істеген жок еді.

– О, әкеміз мырза, қөкеміз мырза, кешірімді, қайырымды мырза, сөзімді тыңда – деді қарт, – мен ешнәрсені білгенім жоқ, ешуақытта алтын тауып алғаным жоқ. Мұның бәрін қобратып сумаңдап өтірікті соғып жүрген менің суайт кемпірім, мырза...

– Қалайша мен бостан-бос өтірік айттым, — деп, әкреңдеп кемпір шыға келді.

Мырза шалды мықтап қолға алды.

– Бер алтынды, бер! Болмаса жаман болады..., — деді.

– Мен алтынды қайдан алам? Рахым етіп менің кемпірімнен анықтаңқырап, толықтаңқырап сұрашы, — деп, өтінді шал.

Сонда мырза:

– Ал көгершінім, мейрімді анам. Алтынды қайдан, қай мезгілде, қалай табылғанын әдемілеп айтып берші маған, — деді.

– Иә, мырза, солай, — деді кемпір, әуеден құймақ бұлты жауған кезде, біз шалымыз екеуіміз орманмен келе жаттық, ағаштардың барлық бұтақтарыңда құймақтар салбырап ілініп тұр еді.

– Ой не сандырақтап барасьщ, есіңді жина! — деді мырза, кемпірге.

– Иә, жоқ, мырза, бір өтірігі жоқ. Рас алдымен сазан өсіп отырған ағашқа келіп жеттік...

– Қараңызшы, мырза, бұл кемпір тіпті ақылынан ауысқан кемпір, не айтып тұрғанын өзі де білмейді, — деді қарт.

– Менің ақыл, есім орнында! Ағаштың ең жоғарғы бұтағында сазан өсіп тұрды, — деп, кемпір өршелене түсті де, онан соң, — мырза, өзенге бұрылдық. Онда, өзенге құрылған аудан қоян ұстап алдық, —деді.

– Кешіріңіз шеше, балықтың ағашқа өскенін, қоянның суға құрылған ауға түскенін қайдан көрдіңіз? Қайдан білдіңіз, – деді мырза.

– Бұл менің кемпірім ақылы айныған ақымақ кемпір. Есі жоқ кемпір. Мырза, – деп, қойды шал.

Қемпір өз сөзін айтып болмады:

– Тоқта, үніңді өшір. Біз сол жерден өзеннің жанындағы жерден алтын тауып алдық. Алтынды қазып алдық та үйге келе жаттық, нақ сол кезде, шайтандар сізді жұлмалап жатыр еді, — деді кемпір.

– Не е— е — е ?!

– Иә, иә, нақ шайтандар сізбен су тасып жүрген кезде...

– Иә, қарт кемпірің шын жынданған екен! — деп, ашуланды мырза.

Ызбарланып жерге түкірді де, қорадан шығып жүре берді.

Ал, шал алтынымен аман қалды.

– Мен қалай да кемпірді үндемеуге үйреттім, —деді.


 

Тегтер:
Қосты: Kz_ref_Mara
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Ертегілер
|
Көрсетілімі: 5 495
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.