БАЛТА СОРПАСЫ
БАЛТА СОРПАСЫ.
(Орыс ертегісі)
Ерте кезде бір ауылда Тасбике деген тастай қатты сараң кемпір болған екен. Жолаушы солдат құдайы қонақ болып үйіне келген екен. Жолаушы солдат:
– Аманбысыз кеюуана, аманбысыз шеше, халық қорғаушысы солдатпын, рахым етіп тамақтандырыңыз, – деді.
Сараң кемпір, тас кемпір, табан астында өтірік саңырау бола қалып:
– Анау шегеге іл, анау, анау, — деді, бірдеңені сандырақтай қалады. Солдат:
– Сен кемпір тіпті саңыраумысың?
– Мен бүгін әтеш сойған жоқпын.
– Сен кемпір ешнәрсені сезбеймісің?
Кемпір көзін жыпылықтатады... сонда солдат тұрып:
Мен сені қазір сынайын, – деп, кемпірдің артына жасырынады да:
– Шеше! – деп айқай салады. Кемпір шалқасынан түседі. Шалқасынан түседі де:
– Сен неге мұнша қатты айқайлайсың, мен оншалықты саңырау емеспін, – деді.
– Е — е, саңырау емеспісің?!...
– Не керек саған?
– Тойындыр мені шеше ... кемпір ешнәрсе беретін емес.
– Түк, түк жоқ ұлым, — деді.
– Ең болмаса быламық пісір, быламық болмаса сорпа жаса. Тіпті қарным аш, – деді солдат.
– Иә, түк, түк жоқ, – деді тағы да кемпір. Солдат ішінен: «сені бас білдіріп үйретейін бір», – деді.
– Жоққа жүйрік те жетпейді, әкеліңіз шеше балтаны, балтадан балдай тәтті сорпа пісірейін, қара сорпа болар, сонда да қарынды алдармыз, — деді.
«Балтадан қалай пісірер, екен, қарап тұрып үйреніп алайын, күндердің күнінде керек болар», – деді кемпір ішінен.
– Балта анау тұр, маңызды болар, ал пісіре ғой, – деді. Сөйтті де, балтасын әкеліп берді. Солдат балтаны қазанға салды. Оның үстіне су құйды. Астына от жақты. От жақты да қайната берді. Қайнатып, қайнатып дәмін көріп:
– Ой қандай жақсы сорпа болған, бірақ азырақ капуста жетімсіздеу болып тұр, – деді.
Кемпір капуста алып келіп берді. Тағы қайнатып, қайнатып дәмін көріп:
– Ой қандай жақсы сорпа болған, бірақ азырақ картошка жетпей тұр, – деді. Кемпір картошка алып келіп берді. Жолаушы картошканы салды, оның үстіне тұз салып тағы қайнатып-қайнатып дәмін көріп:
– Ой қандай жақсы сорпа болған бірақ азырақ майы жетпей тұр, – деді. Кемпір май аяулы, тіпті бергісі жоқ-ақ, бірақ балта сорпасын көргісі келеді. Үйреніп алғысы келеді. Сөйтеді де, солдатқа май алып келіп береді.
– Ал енді шеше үстелді жаса, тарелка, табақтарды әкел, нан әкел, қасықты да ұмытпа. Балта сорпасын ішіп қарайық, тағы қаймақ болса, тіпті жақсы болар еді, – деді. Кемпір қаймақ әкелді. Екеуі отырьш ішті. Ішіп отырып кемпір:
– Солдат, солдат балтаны қашан жейміз?
– Балта әлі пісе қойған жоқ, оны жол жөнекей бір жерде пісуін жеткізіп жермін, — деді. Сөйтті де, балтаны сумкасына салып алып, кемпірмен қоштасты да, жолға түсіп тартып отырды.
Солдат сорпаны ішті де, балтаны алып кетті.