Сайт мәзірі
» » Шатасу (Корней Чуковский)

Шатасу (Корней Чуковский)

Шатасу (Корней Чуковский)

Мысықтар айтты түңіліп: 
«Жалықтырды мяулау! 
Торайлардай біз де енді, 
Жүрейік бір қорсылдап!» 

Ал үйректер айтады: 
«Біз де бақа секілді, 
Ән саламыз не түрлі!» 

Шошқа айтады: Мяу, мяу! 
Мысық айтты: Хрю, хрю, хрю! 
Үйрек айтты: Ква, ква, ква! 
Тауық айтты: Кря, кря, кря! 
Торғай айтты: Му-у-у! 
Аю айтты: Ку-ка-ре-ку! 
Көкек келді секіріп: 
Ит болуға бекініп: 
Гав, гав, гав! 

Қоян ғана саспады, 
Секірмеді, қашпады. 
«Өздеріңше сөйлеңдер, 
Қайтесіңдер басқаны? 
Мен айтпаймын өтірік, 
Құр бекерге көпіріп. 
Шатастырып барлығын, 
Қалмаңыздар өкініп». 

Қаздар айтты: Га-га-га! 
Мысық айтты: Мур-мур-мур! 
Құстар айтты: Чик-чирик! 
Жылқы айтты: И-и-и! 
Шыбын айтты: Ж-ж-ж! 
Бақа айтты: Ква-ква-ква! 
Үйрек айтты: Кря-кря-кря! 
Торай айтты: Хрю-хрю-хрю! 
Орманда аю, 
Баю-баю!
Тегтер:
Қосты: Kz_ref_Mara
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Ертегілер
|
Көрсетілімі: 2 727
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.