Сайт мәзірі
» » Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпір өмір сүріпті.

Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпір өмір сүріпті.

Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпір өмір сүріпті. Жалғыз сиырдың сүті – олардың корегі болыпты. Сондықтан сиырдың бұзауы сүтке жарымай өле беріпті. 
- Кемпір, ашықсақ, ашығайық, бір жылға бірнәрсе етіп шыдармыз. Енді сиырды саумай-ақ қойшы, сүтін бұзауы емсін деді шал. 
- Жарайды, саумасам саумайын, бұзауы уызға жарысын. 
Үш күннен соң сиыр еркек бұзау туады. Бұған қауанған олар қанша тарықса да, ашықса да сиырды саумай, барлық сүтін бұзауға береді. Еңесінің бар сүтін бір өзі еміп өскен бұзау үлкен өгіз болып шығады. 
Күндердің бір күнінде ол өзінің семіздігіне масаттанады. 
Осындай зор, сұлу денеммен мына бір жаман сиырлардың ішінде жайылып жүргенім лайықсыз екен, түйелерге барып қосылғаным дұрыс шығар деп ойланды өгіз. 
Өзің ерекше зор сезініп жүрген ол барынша - ақ түйе болуға тырысып бағады. 
Олардың жеген шөбін жейді, алыс шөлге кетіп, сортаң жалайды. Ақырында шөлден қатып, іші ауырып, шыдай алмайды. 
- Әбден өлетін болдым, жылқыларға барайын. Олар түйеден кішірек қой, азабы да жеңілірек болар деп өгіз аттанды. 
Жылқылар ішінде жүрген де оған жайсыз болады. Соларға ілесіп, қатарларынан қалмай шауып жүремін деп әбден шаршайды. 
Бір күні қасқыр тиіп, жылқылар дүркірей қашады. 
Бұл ілісе алмай айдалада қалады. (Жылқылар қашып кетеді де, өгіз қора қасқырдың қоршауында қалады). 
- Мө-ө-ө-өөө! Құтқарыңдар мені. Құтқарыңдар! Мө-ө-ө! Мө-ө-ө-өөө! Кім бар маңайда? Мө-ө-ө! Деп мөңіреді өгіз. 
- Бұл не айқай? Құлақ түріңдерші! 
- Таныс дауыс қой өзі. 
- Қайдан шыққан дауыс? 
- Жүріңдер, жота асып қарайық деді, -сиырлар. 
Табын сиыр жотаға шықса, сол баяғы өздерін менсінбей жылқыларға барып қосылған өгіз қасқырлар қоршауында қалған екен. 
Олар өгіздің жаман қылығына ешбір кек сақтамастан, өгізді қасқырлардан құтқарып алады. 
- Мен сендерді ренжіттім. Өз туыстарымнан бөлініп кеттім. Ақылсыздығымнан осындай жағдайға тап болдым. Тату болған, туыстармен бір жүрген қандай жақсы! «Бөлінгенді бөрі жейді!», -деген осы екен. Кешіріңдер мені, мө-ө-ө-өөө! Деп кешірім сұрады өгіз.
Тегтер:
Қосты: Kz_ref_Mara
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Ертегілер
|
Көрсетілімі: 5 447
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.