Сайт мәзірі
» » Жарқанат турасындағы бұрынғыдан қалған сөз

Жарқанат турасындағы бұрынғыдан қалған сөз

Жарқанат турасындағы бұрынғыдан қалған сөз

             Бір күні Сүлеймен ғали ассалам барша құсты жиып алып айтыпты: «Мен бұл күнде қартайдым, етіме жұмсақ төсек болмаса болмайды. Баршаларыңыз барыңыздар, бір-бір жүндеріңізді беріңіздер, содан төсек істеуге керек,»—дейді. Сонда барша ауадағы құстардың бәрі де бір-бір жүнін жұлып берді дейді Сүлеймен ғали ассаламға. Сонда жалғыз-ақ жарқанат «Сүлейменге қалайшадан бір-ақ тал жүнімізді береміз» деп, өзінің тәуір деген жүнінің бәрін алып беріпті. Сонда Сүлеймен барлық жүнін алып, «құстардың алды бол» деп бата беріпті. Мұнан соң кешікпестен ойлап: «Жалаңаш нәрсеге өзге құстар мазақтап күле бере ме?»— деп, тағы айтыпты: «Сен ауада түнде ұшарсың, құс пенен адам байқап сенің сиқыңды көрмейтін уақытта»,— депті. Сонан бермен қарай жарқанат тек түнде ұшатын болған.
Тегтер:
Қосты: Mukhanov_Marat
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Ертегілер
|
Көрсетілімі: 4 311
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.