Сайт мәзірі
» » МЫРЗА МЕН ТЕМІРШІ

МЫРЗА МЕН ТЕМІРШІ

МЫРЗА МЕН ТЕМІРШІ


Ерте, ерте, ерте екен, ертеде бір мырза болыпты екен, ол өзі үлкен бай, үлкен жер қожасы екен. Күндердің күнінде теміршінің қасынан өтіп бара жатып, оның темірді әрі епті, әрі шапшаң пісіріп, ақысына шытырлатып ақшаны санап алып жатқанын көреді. Қатты қызығады. Темірші болғысы келеді.

«Мен егінімді егіп, оны өсіріп, пісіріп, орып, жинап, басып, қызылдап, базарға сатып ақша алғанша көп заман етеді; ал темірші балғасын тықылдатады да, теңгені санап ала қояды. Қой мен де темірші болам, — дейді.

Теміршілік дүкенін ашады. Қызметшісіне сен көрік басасың, мен балға соғамын, кәні бізге іс істетуші келе берсін деп күтіп тұрады.

Іздегенге сұраған жандарынан бір қарашаруа өте береді. Мырза шыдай алмай, қуанып келіп:

– Ей мұжық! кел мұнда, кел! Ол келеді.

– Ұстаға соқтыртатын бірдеңең жоқ па?

– Бар міне, мырза рахмет етіп мына арбамның қыймаларын темірмен табандап беріңіз.

– Жарайды, қазір істеп береміз.

– Мырза, ал бұл жұмыстың ақысы қанша болар екен?

– Қорықпа, қымбат алмаймын, істеп берейін деп, мырза жұмысқа кірісіп те кетті. Қызметші көрік басты. Мырза балғасын алып, темірді соға бастады. Бірақ, темірді балқытып созып баптауды білмейді. Олай істеді, бұлай істеді, темірді олай қыздырды, бұлай қыздырды, ақырында барлық темірді ертіп, ағызып бітірді де:

– Әй, мұжығым! — деді мырза, — бұл темірден сенің дөңгелектеріңнің қимасын қоршайтын табан темір шықпайды, жетсе, тек бір дөңгелегіңді табандауға ғана жетеді.

– Жақсы, бір дөңгелекке табан болса, бір дөңгелекке-ақ бола қойсын, — деді мұжық.

Мырза терлеп темірді таптайды, таптайды, таптайды да айтады:

– Жоқ мұжығым, бір табан да шықпайды, ағаш соқалық тіс енді мұнан шыға ма, жоқ па?

– Жарайды, тіс болса, тіс бола қойсын, — дейді мұжық.

Тағы балғаны соқты мырза, тағы терді төкті мырза. Тағы талай темірді іске асырмай бүлдіріп тастады да:

– Жоқ, бауырым! мұнан тіс те шықпайды, тәңірі көмек етіп, кестелік біз шықсын де, — деді.

– Ал, мейлі, кестелік біз болса, біз бола-ақ қойсын, — деді мұжық. Бірақ мырзаның темірі кестелік бізге де жетпей қалды. Бәрін отқа жағып, ертіп, ертіп бітірді. Әбден жан тері шыққанша әуреленіп болып:

Жоқ, мұжық, кестелік біз де шықпайды. Бірақ саған тамаша бір ши шишік шығады, – деді. Сүйдеді де, қып-қызыл шоқтай болып тұрған темірді суға салады. Ол айтқанындай шыж-шыж-шыж етеді.

– Тамаша! шиіпік тамаша! ...

– Жақсы бұл шишікке не аласыз мырза?

– Барлық еңбегім жүз елу сомдық, бірақ бұл тұңғыш еңбегім еді сондықтан жүз сом бере ғой.

– Қалтамда ақшам жоқ еді, мырза, үйіме барып ақшамды алып келейін, — деп, мұжық жүріп кетті.

Мұжық кетті. Мырза қызметшісіне жетті.

– Мұжық ақша алып келгенде, ол маған еңбек ақысын төлей бастағанда, сен «қоса түсіңіз, тағы қоса түсіңіз» дей бер, — деді.

– Құп болады.

Мұжық үйіне барып қамшысын ала келіп, мырзаны жосытып сабай береді. Сонда мырзаның қызметшісі тұрып: «Бауырым қоса түс, қоса түс, тағы қоса түс!» — дей береді.

Мырзаны сабап-сабап мұжық үйіне кетіп қалады. Мырза қызметшісін жеп қоятындай төне түсіп:

– Сен неге бұлай етесің? Мені ұрып жатқаның көріп тұрсын, ал, өзің тағы «қоса түс, қоса түс!» деп айқайлайсың.

– Е, өзіңіз солай бұйрық етіңіз ғой.

Мырза қызметшісін төмпештеді. Теміршілік дүкенін бұзды. Сонан бері қарай теміршілік жұмысын қайтып қолыңа алған жоқ.

Тегтер:
Қосты: Kz_ref_Mara
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Ертегілер
|
Көрсетілімі: 2 520
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.