Сайт мәзірі

Сыншы бала


    Баяғыда бір баланы жат жұрттықтар  тұтқындап, еліне алып кетіпті. Еліне әкелген соң, қой бақтырып қойыпты.  
    Бала қой бағып жүріп, далада қалған қу бастың қасына келіп: «Сенің  арғымақтың басы екенінді кім білсін, менің Тортай сыншының баласы екенімді кім 
білсін?» деп зарлайды екен. 
     Күндердің күнінде баланың қожасы үш аргымақ әкеліп балаға сынатыпты. 
   – Бала, мына арғымақтардың қайсысы жүйрік? – деп сұрапты. Бала:  
   – Мен білмеймін, әкем білетін еді, - депті. 
     Мұнан соң бай сәйгүліктерді балаға бақтырып қойыпты. Бала ең тұлпарын танып,  жарата беріпті. Бір күні  бала тұлпарға мініп, еліне тайып отырыпты. Жат  жұрттықтар жабыла қуыпты. Бірақ бала оларға жеткізбей кетіпті. Сӛйтіп аман – есен еліне жетіпті. 
 
Тегтер:
Қосты: Mukhanov_Marat
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Ертегілер
|
Көрсетілімі: 10 884
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.