Сайт мәзірі

Сылтаушыл


     Ертеде бір  қойшы  үйіне мызғып алуға келіпті де, қойды қарай тұруға баласын жұмсатыпты. Күн суық болса керек, баласы:  

    –Тоңамын! – деп, сылтауратыпты. 

   Анасы ұлының аяғына жылы байпақ, үстіне тон тері шалбар, жылы қолғап, басына үлкен тымақ қигізіпті де: 

    – Ал, балам, енді тоңбайсың, бара ғой, - депті. 

   Сонда баласы ұялмастан: 

    –  Енді көзім тоңады, - деп жылапты. 


Тегтер:
Қосты: Mukhanov_Marat
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Ертегілер
|
Көрсетілімі: 7 929
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.