Сайт мәзірі
» » СОЛДАТ ШИНЕЛІ

СОЛДАТ ШИНЕЛІ

СОЛДАТ ШИНЕЛІ.


(Орыс ертегісі)

Қыстыгүні. Мырза тройка жегіп, ауыл арасындағы жолмен келе жатты. Оның үстінде күзен ішігі, сусар тымағы бар еді; Сонда да жаурап, тоңып қалш-қалш етіп келе жатты. Алдында келе жатқан солдатты қуып жетті. Мырза осынша жылы киімімен тоңып, қалшылдап,. дірілдеп келе жатса, солдат жалғыз жұқа шинелімен көкіректі керіп, шылымын тартып, өлеңді айтып, соғып келеді. Суық барын сезбейтін сияқты. Мырза оған айқайлап:

— Әй солдатым, неге өлең айтасың, қалай жаурамай келесің, — деді.

Солдат оған жауап қайырып:

— Мей неге жаурайын менің үстімдегім шинель ғой, ұйықтағым келсе мен шинелді төсенемін, щинелді басыма да жастаймын, шинелді үстіме де жамыламын. Жамыламын да қандай рахаттанып ұйықтаймын, — деді.

Мырза таң қалды, таң қалды да:

— Солдат шинеліңді мына менің ішігіме айырбаста, үстіне мына сусар бөркімді де қосып берейін, мен осы өзімнің ішігімнің ішінде тіпті қатты тоңамын, ал үйімде мамық төсектің үстінде де ұйықтай алмаймын.

Солдат: жақсы ал, — деп, шинелін айырбастады.

Мырза қуана-қуана, асығып-үсігіп үйіне жетті, үйіне келе салып әйеліне:

Сүйіктім, міне қандай зат сатып алдым мен, маған енді мамық төсектің де, құс жастықтың да, жібек көрпенің де керегі жоқ, мен шинелдің үстіне жатамын, шинелді жастық етемін, шинелді жамыламын, жақсылап тұрып ұйықтаймын, — деді.

Мұны айтып, жатуға ыңғайланды мырза, бірак еш ретін келтіре алмады: шинел әрі тар, әрі ықшам астына салса, үстіне жетпеді; үстіне жапса, астына салуға жетпеді; басына жастануға қалмады; жатса жамбасына салуға жетпейді; жете қалса жанбасына жер батады. Қысқасы біріне жетсе, біріне жетпеді.

Түні бойы тоңып, ұйықтай алмай шықты. «Солдат мені алдап соққан екен» деп, таңертең командиріне жүгіріп барды, солдаттың үстінен арыз етті.

Командир: солдатты шақыр, — деп фельдфебиліне бұйрық етті. Солдат келді. Командир солдатқа:

— Сен неге мырзаны алдадың? — деді.

— Мен тіпті алдағаным жоқ, — деді солдат, — төрем, біз жатканда міне былай етеміз, — деді де, шинелін алып, бір жағын астына салып, бір жағын үстіне жамылып, жеңін жастық етіп көрсете қойды.

— Кандай жақсы, төрем, жорықта шинелге оранып ұйықтау қандай тамаша! Рахаттанып тұрып ұйықтайсың, — деді.

— Жігітсің, — деді командир, — мен саған бір шұкыр шарап сый етемін! Ал сіз мырза, сөге-жамандамаңыз. Кім де кім жақсылап жұмыс істеп шаршаса, шинел үстінде де жақсылап тұрып ұйықтайды. Ал кім де кім түк істемесе мамық үстінде де ұйықтай алмайды, — деді.


Тегтер:
Қосты: Kz_ref_Mara
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Ертегілер
|
Көрсетілімі: 2 161
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.