Сайт мәзірі
» » ГРИЦЬ ПЕН ПАН

ГРИЦЬ ПЕН ПАН

ГРИЦЬ ПЕН ПАН

(Батыс Украина ертегісі)


Базардан қайтып келе жатып Гриць панға жолықты.

– Гриць базардан келемісің? — деді пан.

– Ия!

– Үйіңе барамысың?

– Үйіме барам.

– Бірге жүрейік.

– Жарайды бірге жүрейік.

Екеуі жүріп келеді, жүріп келеді, бір кезде екеу жол үстінен бір майға қуырьілған шошқаның торайын тауып алды.

Қомағай пан Грицьке түк бермей, шошқаның торайын жалғыз өзім жесем-ау деп жан таласты.

Сөйтті де:

– Ал не, Грицько, торайды қалай етіп жейміз? — деді.

– Не қалай ететіні бар? Кесеміз де жейміз.


– Жок, жоқ. Не сен көп же, не мен көп жейін...

Егер ол мақұл болмайды, жәбір десең, былай етіп жейік: Жатайық та түс көрейік. Қім жақсы төс көрсе, торайды сол тұтас жейтін болсын.

– Жарайды.

Екеуі осылай келісіп, үюлі тұрған шөптің үстіне жатып ұйқыға кірісті. Пан қалғып кетті. Тастай қатты. Гриць түртіп-түртіп тұрғыза алмады. Жұлқылап-жұлқылап оята алмады. Пан қатты ұйқыға кірген екен. Гриць қуырылған торайды алды, етті жеп, сүйегін кеміріп, кемігін сорып тойып алды. Тойып алды да жамбастап жата кетеді. Жата кетеді де, ұйықтап кетеді.

Әлдене уақытта пан оянды. Оянды да:

– Тұр, тұр Гриць. Мен тіпті бір жақсы төс көріппін. Тіпті жақсы түс. Тыңда. Гриць құлағын тосты, Пан түсін айтты:

– Біздің қасымызда бір ақбоз ат жүр екен. Басында әдемі күміс жүгені, үстінде су жаңа ертоқым, үзеңгісі де, үзеңгі бауы да күмістен, өмілдірік, құйысқаны да күмістен, ері қандай тамаша, ер үстіне салған мамық көпшігі қандай әдемі. Мен осы атқа міндім де кең даланы кезіп шаптым. Сайран салдым. Шауып келе жатып кенет бір басқышты көрем, атымды байлай салдым да, сол басқышпен жоғары көтерілдім, бірте-бірте көкке шықтым. Көкте бір үй көрдім. Үйде жанып тұрған от көрдім. Үйге келдім, есікті. аштым, есікті ашып қарасам кешкі тамағын ішіп Пан құдайдың өзі отыр екен. Ал оның қасында неше түрлі тәтті тамақ, жал-жая, қазы-қарта, құйрық-май сияқты, ішіне қызыл шие салып пісірген күлше нан, май, қытай пиязын қосқан калбаса, жұмыртқа, ірімшік, қаймақ. Пан-құдай басын изей «кел-кел мейрімді адам, кел мұнда, біз сенімен бірге тамақ ішейік» деп шақырды, мезірет етті. Міне, мен қандай тамаша түс көрдім. Сөйтіп, нақ мырза құдайдың өзімен бірге тамақ іштім.

– Әкел маған торайды, — деді Сонда Гриць:

– Тоқта, тоқта пан! Сен әуелі менің көрген түсімді есіт.

– Мен сіздің түсіңізден сәл өзгешелеу түс көрдім. Біздің қасымызда бір байтал жүрді. Өзі өте арық, қабырғасы ырсыйған, сандары тылтыйған. Байтал емес, бір тулақ. Тізгіні үзілген, үзеңгісі жай жіп, ер орнына бір буған сабан жентегі жалбыр-жұлбыр. Мен осы байталға міндім де бүкіл даланы кезіп жалбаңдадым шаптым-шаптым, да, жүруден жирендім. Кенет басқышқа көзім түсті. Басқыштың қасында бір сәулетті, зейнетті ат байлаулы тұр ...

– Е, е сол менің атым еді.

– Ия, ия... мен де өзімнің атымды сол аттың қасына байлай салып, сатымен өрлеп шыға бастадым. Шығып келем, шығып келем, әлі шығып келем, бір уақытта қарасам, көкке шыққан екемін, көкпен жүре бердім, жүре бердім, бір үйді көрдім. Үйде жанып тұрған отты көрдім. Үйге келіп есігін аштым. Есігін ашсам сіз мырза құдай екеуіңіз тамақ ішіп отыр екесіздер. Сіздердің алдарыңызда неше түрлі тағамдар тұр екен. Арасына қызыл шие салып пісірген күлше нан, ірімшік, қаймақ, май жұмыртқа, қытай пиязы қосқан калбаса, сіз маған карадыңыз да қолыңызды сілтеп «Гриць жерге түс, жерге түс те торайды жей бер, мен мұнда тамақтанамын» дедіңіз, мен жерге түстім де торайды жеп қойдым.

– Қалай жедің? Бұл менің түсімде ғана көргенім ғой! — деді пан шыдай алмай.

– Бұлардың біздің түсіміз екенін мен қайдан білейін?

– Пан ашуланды, өкпеледі:

– Сен қандай адамсың өзің, маған нанның қатқан қабыршығын ғана қажауға тура келе ме? — деді. Сонда Гриць:

– Ондай болса кешіріңіз мырзашым, мен сіздің қабыршығыңызды да жеп қойдым. Сіз тәтті наннан соң қатып қалған нанның қабыршығын жемейді ғой деп ойлап едім, — деді.

Пан жерге түкірді, Гриць пен екеуі екі жаққа айрылып кетті.


Тегтер:
Қосты: Kz_ref_Mara
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Ертегілер
|
Көрсетілімі: 2 039
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.