Сайт мәзірі
» » » Қожанасырдың май сатып алуы

Қожанасырдың май сатып алуы

Бір күні Қожа май сатып алу үшін базарға барады.
Әйелі оған бір кесе беріп:
-        Мына кесеге еріген май құйғызып әкел, - деп тапсырады. Қожа май сатушыға келеді. Қожекең майды ыдысының шамасынан көбірек алады. Ол майды кесесіне құйғызады. Бірақ май кесеге сыймай, асып кетеді.
Сол жерде сатушы:
-        Май кесеңе сыймайды. Қалғанын қайда құямыз? - дейді. Қожа жалма-жан кесесін төңкеріп жіберіп:
-        Қалғанын мына жағына құй! - деп, кесесінің түбіне құйгызып, Қожекең сол бойында кесені ұстап
үйіне келеді. Алдынан әйелі шығып:
-        Майды мұнша неге аз алдың? - деп сұрағанда,
Қожа:
-        Жалғыз бұл емес, мына жағында да бар, - деп, кесені тағы да төңкеріп қалады.
Сонымен, кесенің түбіндегі аз ғана май да төгіліп қалыпты.


Тегтер:
Қосты: Mukhanov_Marat
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Аңыз ертегілер
|
Көрсетілімі: 4 691
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.