Сайт мәзірі

Қорқыт ата

     Ертеде жылқы күнге қарап былай дейді:
- О, барлық жан-жануарларға тіршілік сыйлаған қайырымды күн, мені жануарлардың арасындағы ең сұлулардың бірі деседі жұрт. Солай екенін өзім де сеземін. Сонда да кейбір дене мүшелерімді бұдан да
әдемірек етуге болар еді-ау деп ойлаймын.
-  Сонда қай жеріңді түзей түсуге болар еді деп ойлайсың? - деп сұрайды күн күлімсіреп.
-  Егер, - дейді жылқы, - сирақтарым бұдан да ұзындау және сыйдаңдау болса, мен тіпті алдына жан салмайтын жүйрік болар едім. Мойным аққудың мойнындай ұзын болса, маған ол бұдан да әсем көрік бітірер еді. Төсім жалпақтау келсе, қазіргіден де алымдырақ болар еді. Оның үстіне адамзатты арқалап жүру үшін жотамнан мәңгі алынбайтын ер болса, тіпті жарасып тұрар еді...
- Жақсы, қалағаның болсын, - дейі күн жайраңдап,- сәл күте тұр.Соны айтады да, күн жерге түйені түсіреді. Денесі алпамсадай, тұрқы арбиған жануарды көрген жылқы әрі қорыққанынан, әрі жиіркенгенінен қалшылдап қоя береді.
-  Міне, сен қалағандай ұзын да сидаң аяқ, аққудың мойнындай ұзын мойын, жалпақ кеуде, ері де дайын. Қалай, сенің де осындай болғың келе ме? - деп сұрайды күн.
     Жылқы әлі де есін жыя алмай қалшылдап тұрады.
-  Жо-жоқ... - дейді тілі күрмеліп.
-  Ендеше жөніңе жүр, - дейді күн жылқыға, - саған өз бойыңдағы да жетеді!  Әркім өз қасиетін бағалауға тиіс. Содан бері жер бетінде түйе де өніп-өсе бастапты. Ал жылқы болса, түйені көрген сайын әлі күнге дейін
денесі дір ете түсіп, қалтырай бастайды екен.


Тегтер:
Қосты: Mukhanov_Marat
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Аңыз ертегілер
|
Көрсетілімі: 3 629
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.