Сайт мәзірі
» » » Есегіме ұқсайды екенсіз

Есегіме ұқсайды екенсіз

     Бір күні Қожанасыр жолаушылап жүріп, сол маңды билеп тұрған ханмен кездесе қалыпты. Хан отырып:
-   Менің Алмашұбар деген атым бар, шапқанда көз ілеспейді, - деп мақтанады.
-  Менің асыл текті есегім бар. Ақырса даусы айшылық жерге жетеді, - дейді Қожанасыр.
- Мен ақырғанымда қызметші нөкерлерім: «Құдіретті ханымыздың даусы арыстанның ақырғанынан да күшті», деуші еді, сенің есегің менен де қатты ақыра ма? - дейді хан.
- Тақсыр, сіздің ақырғаныңызды естіген жоқ едім. Айқайлаңызшы, көрейін, - дейді Қожанасыр. Хан тамағын қырнап-қырнап алып, айқайлап қоя
беріпті. Сонда Қожанасыр:
Тақсыр, шынында да, өзіңіз менің есегімдей екенсіз, - дейді.
Тегтер:
Қосты: Mukhanov_Marat
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Аңыз ертегілер
|
Көрсетілімі: 2 580
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.