Сайт мәзірі
» » » Қожанасырдың қой сойып алуы

Қожанасырдың қой сойып алуы

Қожекең көшеде адасып жүрген бір қойды үйіне әкеп сойып алады және оны сыр ғып бір жолдасына айтады.
Жолдасы Қожекеңе «кияметке барғанда не деп жауап бересіз?» - дейді.
-  Танамын, мен жегенім жоқ, деймін.
-   Жоқ, тана алмайсыз, қойдың өзі келіп куә болады ғой!
-   Қойдың өзі келсе тіпті жақсы болар еді, ұстап  алып иесіне берер едім, - депті Қожанасыр.
Тегтер:
Қосты: Mukhanov_Marat
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Аңыз ертегілер
|
Көрсетілімі: 2 541
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.