Балалар әлемі » Өлеңдер, тақпақтар » Кәсіптер туралы » МҰҒАЛІМ
МҰҒАЛІМ

Кездессе қайда мұғалім,
Беремін сәлем ізетпен,
Басымды иіп тұрамын.
Санамның аршып бұлағын,
Жаттаған үнін құлағым.
Жақсылық жолын үйреткен,
Қадірлі адам - мұғалім.
Өмірлік қымбат мұғалім,
Қадірлі жан деп ұғамын.
Атанып жақсы ұланың,
Жолыңды жарқын қуамын.
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.