Сайт мәзірі

Геолог

Қазақ жері — қазба байлық ордасы,
Мұнай менен газдың толған қордасы.
Мұның асты тұнған көмбе қазылар:
Алтын, күміс, мырыш пенен қорғасын.

Қазатын да, ашатын да кендерді,
Бейне шешер асыл тасты теңдерді
Атаған ел геолог деп инженер,
Туған елдің туын тіккен ерлерді.

Сол тастармен қойман енді таныспай,
Сол кендермен жүрсем деймін қарыштай.
Ел тамсанған еңбек даңқы жер жарған
Болам геолог Патшайым мен Қаныштай!
Тегтер:
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Кәсіптер туралы
|
Көрсетілімі: 2 655
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.