Сайт мәзірі

БІЛІМ ҚОҢЫРАУЫ

Күз келіп сары бояумен
Тастапты жонын қыр сырлап.
Естілді маған, ояу ем,
Қоңырау үні сыңғырлап.

Құстардай қайта оралар
Жарасып сазды бал әні.
Мектепке беттеп балалар
Асыға басып барады.

Құшағы толып гүлдерге,
Қуаныш нұры шалқиды,
Құлақты түрсең үндерге,
Шертілген лебіз сан қилы.

Сағынған ұя-мектепті,
Балалар түгел шадыман.
Үйретер үлгі тек текті
Шықпайды ұстаз маңынан.

Думан ғып мектеп маңайды...
Бір-бірін айтпай түсініп,
Мейірімен күле қарайды,
Ұстазға гүлін ұсынып.

Алаңды шаттық кернеген,
Білінбес кейіс бірінде.
Арманға құлаш сермеген
Ұландар құштар білімге.

Күн де ашып шайдай қабағын,
Тыныстап тұрды жарқын жүз.
Бастады білім сабағын,
Қоңырау қағып Алтын күз.

Тегтер:
Қосты: Kz_ref_Mara
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Мерекелер туралы
|
Көрсетілімі: 3 493
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.