Сайт мәзірі

ЖАҢА ЖЫЛ ЖЫРЫ

Бақыттың тасыған арнасын,
Жаңа жыл жарқырап жалғасын.
Көңілден ән кетсін көгіме
Ақ құстай әуелеп самғасын.

Келіңдер, меймандар, келіңдер,
Жаңа жыл мерейін беріңдер.
Ағалар, бауырлар, жеңгелер,
Шырқаңдар қысылмай, келіңдер.

Төгілсін шампандар, атылсын,
Қараулық қарасын батырсын.
Шалңыңдар, тасыңдар, дәл бүгін
Бәрің де әншісің, ақынсың.

Жүздерге таң нұры ойнасын,
Тоңтеріс отыру болмасын.
Әр адам арманын аңсаған
Қолына түсірмей қоймасын.

Балдырған ұрпақтар жайнасын,
Кеудесін күлкілер жайласын.
Жауыздың ылаңын көрмесін
Көрсін тек өмірдің айнасын.

Тегтер:
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Мерекелер туралы
|
Көрсетілімі: 4 106
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.