Сайт мәзірі

БЕС САУСАҚ

Атам шақырып алды да,
Отырғызды алдына.
— Бес саусақтың атын біл,
Тоқып алғын жадыңа!

Бас бармағың — ата-анаң,
Үлкеңдерден бата алған.
Аман жүрсе қалқайып,
Қалмас елден, қатардан.

 

Балаң үйрек — бауырың,
Ақыл қосар қауымың.
Қысылғанда болысып,
Берер соңғы тауығын.

 

Ортан терек — нағашың,
Сол үйде өскен анашьщ.
Қамқор болып жүреді,
Еркелеп те аласың.

 

Аты жоқ саусақ — достарың,
Жақсы болса қостағын.
Жаман мінез көрсетсе,
Қатарыңа қоспағын.

 

Кіші бөбек — білімің,
Терең болсын ілімің.
"Ұлық болсаң — кішік бол",
Дей көрмегін: ірімін.

 

Бес саусағың — бақытың,
Сонда балам, бар құтың.
Бес саусағың біріксе,
Текке кетпес уақытың.



Тегтер:
Қосты: Kz_ref_Mara
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Әртүрлі
|
Көрсетілімі: 8 486
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.