Сайт мәзірі
» » » МАҢДАЙ ТЕРДІҢ ЖЕМІСІ

МАҢДАЙ ТЕРДІҢ ЖЕМІСІ

Дала нұрға бөленді.
Бізге тағы жоқ тыным.
Отырғызам мен енді
Көшеттердің көп түрін.

Шөлдегенде суарам,
Қопсытамын түбін де.
Көркейеді бұл алаң
Күндердің бір күнінде.

Жеміс толып,
Майысып,
Бұтақ жерге иілер.
Саясында шай ішіп,
Әжем маған сүйінер.

Тамсанар-ау ел іші,
Қызығар-ау жолдасым:
Маңдай тердің жемісі
Неге тәтті болмасын?

Тегтер:
Қосты: Kz_ref_Mara
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Әртүрлі
|
Көрсетілімі: 2 104
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.