Сайт мәзірі

ТЕРЕЗЕДЕН ҚАРАДЫМ


Терезеден қарадым,
Терезеден қарадым,
Тары жеген шүпірлеп,
Тауықтарды санадым.

Кептер ұшып барады,
Оларға да қарадым,
Келсе дағы санағым,
Үлгере алмай қаламын.

Батпырауық ұшырып,
Бір балақан бөгелді.
«Ап!..» деп еді күшігім,
Қашып ала жөнелді.
Тегтер:
Қосты: Mukhanov_Marat
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Әртүрлі
|
Көрсетілімі: 1 909
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.