Сайт мәзірі
» » » АҚҚУДЫҢ КӨГІЛДІРЛЕРІ

АҚҚУДЫҢ КӨГІЛДІРЛЕРІ


Жүрмей тыныш, жай жүзіп,
Енесінен айрылып.
Төрт көгілдір тұр енді
Қозғалуға қаймығып.

Шықылықтап сауысқан,
Зәресін ап алыстан...
Шап берердей біреу кеп,
Шыға алмай тұр қамыстан.

Бөтекесі бұлтиып,
Қанаттары қылтиып.
Бір уыс боп төртеуі
Қалтырайды үрпиіп.

Шыр айналып, зыр қаққан
Көлдің ішін «шулатқан»,-
Жан ұшырып енесі
Жетіп келді бір жақтан.

Жаңбыр жауса жабатын,
Жанды қорғап қалатын,
Тұрды маңғаз керіліп,
Жайып салып қанатын.

Бірін-бірі кимелеп,
Бірін-бірі сүйрелеп.
Ақ қанаттың астында
Тұрды бәрі үймелеп.

Тимейді енді бір жан да,
Қорқыныш жоқ бұл маңда,
Төртеуінің үстінде
Аппақ аспан тұрғанда...


Тегтер:
Қосты: Mukhanov_Marat
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Әртүрлі
|
Көрсетілімі: 1 895
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.