Сайт мәзірі

Ойсылқара

Ойсылқара — келенің
Күркіреген бурасы.
Үлпілдеген желегі —
Жалпылдаған шудасы.
Тіздеп қойсаң маң басып,
Тұзға қарай емінер.
Екі өркешін қоң басып,
Түзде жүріп семірер.
Мойыны иір қобыздай,
Қос баладай өркеші.
Көзі жанған жұлдыздай,
Паң даланың еркесі.
Түйелер де  бағалы —
Төрт түліктің төресі.
Мәртебе де жоғары,
Киесі мен өресі.
Кәуіс, кәуіс, боташым,
Тұз берейін келе ғой.
Шөлді дала жотасын,
Түз бедерін көре ғой.

Тегтер:
Қосты: Kz_ref_Mara
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Төрт түлік, аң-құстар
|
Көрсетілімі: 5 394
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.