Сайт мәзірі

Шопан ата

Шопан ата — қойлардың
Ақ  мүйізді қошқары.
Құнсыз деп оны ойлар кім,
Өш болғанмен аш бөрі.
Тегенедей құйрығы,
Жесең дәмді еті бар.
Балаларға сыйлығы —
Қорғасындай сүті бал.
Ақтылы қой жосысын,
Қаптап өріп қыратқа.
Маңдайы дөң қозысын,
Суғарайын бұлаққа.
Балдай сүтті еметін
Қошақаным қой болар.
Ауыл-аймақ келетін,
Біздің үйде той болар.
Пұшау, пұшау, қоңырым,
Қунақ қағып қырға шық.
Дөң маңдайлы, момыным,
Гүл терейік, сырласып.

Тегтер:
Қосты: Kz_ref_Mara
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Төрт түлік, аң-құстар
|
Көрсетілімі: 3 673
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.