Сайт мәзірі

Сексек ата

Сексек ата — ешкінің
Қылыш мүйіз текесі.
Бақырғанда есті үнін,
Қатпар тартар шекесі.
Сергек қарап маңына,
Момын қойды бастайды.
Бала келсе жанына,
Кейде сүзіп тастайды.
Қағып  құрақ құлағын,
Күдірейтер желкесін.
Өткір күміс тұяғын
Тасқа жаныр еркесің.
Тоқиды  әжем қолғапты,
Түбітінен ақ мамық.
Сауса сүті мол, тәтті,
Оны ішеміз мақтанып.
Шөре, шөре, лағым,
Құмарсың сен ойынға.
Жұртқа келсе ұнағың,
Кәне, бір би дайында!

Тегтер:
Қосты: Kz_ref_Mara
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Төрт түлік, аң-құстар
|
Көрсетілімі: 3 280
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.