Сайт мәзірі

Бота


Жібек жүні үлбірек,
Самал желмен желбіреп,
Салады ойнақ жас бота,
Қос жанары мөлдіреп.

Қайқаң қағып өр төсі,
Бүлкілдейді өркеші.
Бұла күші тасыған
Ауылдың ол еркесі.

Маң-маң басып үнемі,
Кең адырда жүреді.
Өріске өрсе боталар,
Қырдың кірер реңі.

Аяғын жай басады,
Белден белге асады.
Көгал жерге жайылмай,
Сортаң жаққа қашады.

Борпаң құмды аралап,
Шөп біткенді саралап,
Мойын созып іздейді,
Ақтікен мен қарабақ.

Шарлап жүріп бөктерді,
Жесе де ащы шөптерді,
Су іздемес ай бойы,
Шөлге берік көнтерлі.

Қос құлағы қалқиып,
Жырық ерні таңқиып,
Шола қарап маңайды,
Күйсеп тұрар аңқиып.

Иір-иір денесі,
Мойны — мерген жебесі.
Көрінеді жүзгендей
Маң даланың кемесі.

Тегтер:
Қосты: Kz_ref_Mara
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Төрт түлік, аң-құстар
|
Көрсетілімі: 2 683
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.