Сайт мәзірі

Піл


Зообаққа бірде барғамды,
Көрмедім пілден өзге алып.
Назарын әзер аударды,
Өңкиіп баяу қозғалып.
Хайуанаттардың бағынан
Көргенде пілді әуелі.
Шыққан ба нәндер тобынан,
Денесі неткен дәу еді.
Ортаға әкеп дөңкитіп,
Қойғандай таудың бөлшегін.
Бөшкедей қарны теңкиіп,
Тұмсықпен жеп тұр жем-шөбін.

Тегтер:
Қосты: Kz_ref_Mara
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Төрт түлік, аң-құстар
|
Көрсетілімі: 3 582
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.