Сайт мәзірі

ТУҒАН ЖЕР


Алтын бесік, туған жер, далам менің,
Қанат қаққан ұяңнан балаң едім.
Сырлы сазын  жүректің төгейін деп,
Сағынышты сан жылғы ала келдім.

Қайырмасы:
Туған жер сұлулығын
Жырласқан бұлбұлыңмын.
Сімірген тұнық нұрын
Бүр ашқан бір гүліңмін.
Түрленген тұлымы мың,
Жібек жал құлыныңмын.

Көкке өрлетіп қиялды сан ұшырар,
Көңіл сазын күйлетер қамысы бар.
Иісі  сіңген бойыма шөптерінің,
Кер даламның көмейде ағысы бар.

Самғап ұшсам  өмірдің ұшағында,
Өздеріңсің дем берген ұшарымда.
Туған жердей жазира пейілім кең,
Бәріңді де сыйғызам құшағыма.

Тегтер:
Қосты: Kz_ref_Mara
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Туған жер туралы
|
Көрсетілімі: 6 412
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.