Сайт мәзірі

ЖЕР АНА


Жібіндей жібек өрмектің
Шапғыны шалқар шалқиды.
Гүліндей әсем өрнектің
Түрге енді жер де сан қилы.

Малынтып нұрға өңірді,
Қарайды күн де күлімдеп.
Көбесі қардың сөгілді,
Жылға ақты сайды тілімдеп.

Ақ сағым көкке өрледі,
Ошақтан түтін будақтап.
Тірліктің бәрін жердегі,
Жер-ана тербер құндаққа ап.

Тегтер:
Қосты: Әли Ысқабай
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Туған жер туралы
|
Көрсетілімі: 7 426
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.