Сайт мәзірі

Каспий

 

Каспийге көзді сүйдіріп,
Қызықтау ғажап, әрине.
Аруанадайын идіріп,
Жатырмыз сорып нәрін де.

 Біреуге Каспий тек теңіз,
Ел қонақтаған жағалай.
Мен үшін бірақ, білсеңіз,
Өңірге осы Анадай.

 Даласы түйе көніндей,
Құйын мен сағым іркілген,
Мен үшін ұжмақ өмір бұл
Бір күні артық бір күннен.

 Каспийім – тыныс, дәрменім,
Баба қырыммен егізім,
Көздесең байлық, ал бәрін
Аман тұрсыншы теңізім.

Саналы бастар бағамдар,
Теңізбен үндес тірлігім.
Сақталса ғана Каспийім
Артады білсең бірлігің.

Шын бірлік жолы өрімдей,
Үзілмес қалай күштесін.
Каспийім- аппақ көңілдей,
Ал, оған қылау түспесін.

Қосты: Нурхан
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Туған жер туралы
|
Көрсетілімі: 6 776
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.