Сайт мәзірі

Төрт келін


Табиғат атты ананың,
Бой жеткен төрт қызы бар.
Көркі де солар даланың,
Ісіне адам қызығар.

Қыс, Көктем, Жаз бен Күз атты
Қыздары өсіп бой жетті.
Төртеуін Жылға ұзатты,
Төрт үй боп бесік тербетті.

Қыс келін мамық жамылған,
Ақ тоны артық лағылдан.
Ел-жұртын сүйді сағынған,
Балдыздай моншақ тағынған.

Сүйкімді келін — қыз Көктем,
Шуағын төкті жеріне.
Гүлдерін сыйлап түзге еккен,
Шақырды шаттық төріне.

Жаз келіп әсем ай қабақ,
Бөлейді жомарт шуаққа.
Жұрт жүзін өбіп аймалап,
Тойғызды қымыз, шұбатқа.

Зерлі ішік киіп Күз келін,
Алтынға ұқсап жарқырап,
Ұсынды жеміс, тұз дәмін,
Биледі желмен жапырақ.

Төрт келін түгел мейірлі,
Бір-бірін кесіп өтпейді,
Баршаға бірдей пейілді,
Оларға еш жан жетпейді.

Тегтер:
Қосты: Kz_ref_Mara
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Жыл мезгілдері туралы
|
Көрсетілімі: 7 073
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.