Сайт мәзірі

Күміс күн төкті нұр


Көктем келіп көгілдір,
Жасыл көрпе төседі.
Күміс күн де төгіп нұр,
Көлеңкелер кешеді.

Шомылдырды даланы,
Құйып өткен нөсері,
Жаудыраған жанары
Шық та күбірлеседі.

Шың басында кіл ақ қар,
Жіпсіп жатыр күн ысып.
Таудан құлап бұлақтар
Жөңкіледі күлісіп.

Табиғат та — жыр бағы
Тынбайтұғын құс үні.
Байшешектер қырдағы —
Қыздардың көп мүсіні.

Тегтер:
Қосты: Kz_ref_Mara
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Жыл мезгілдері туралы
|
Көрсетілімі: 2 031
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.