Сайт мәзірі
» » Ел іші алтын бесік

Ел іші алтын бесік

Адам елінде, қоға көлінде көгерер.

Азған елдің баласы бірін-бірі жамандар,
қақпан кұрып алдына құлатуға амалдар.
Озған елдің баласы бірін-бірі "батыр" дер,
қойны-қоншы құйылып, толып тұрған ақыл дер.

Аз қойда айран бар, өре жоқ,
Аз елде азар бар, төре жоқ.

Айрылған болсаң еліңнен,
қуатың кетер беліңнен.

Айрылған ел — азады,
Қосылған ел — озады.

Ақбөкеңді "жатыр" деме,
Көпгкен елді "отыр" деме.

Аққу көлге, ер елге паналайды.

Арқа сүйер елің болсын,
Аунап жатар жерің болсын.

Алысып ойнар теңің болсын,
Сүңгіп бойлар көлің болсын.

Арша өскен жерінде,
Азамат өскен елінде.

Атауы кеткен елдің матауы кетеді.

Бабын тапсаң: байлық — жерде,
                         береке, салтанат — елде.

Бақа көлінде патша,
Бальгқ суында патша,
Жігіт елінде патша.

Бақа көлін сүйеді,
Бұлдырық шөлін сүйеді,
Ер жігіт елін сүйеді.

Білек түр де еңбек ет,
Етек түр де елге жет.

Дос та елден, жау да елден (Дулат).

Ел аралаған сыншы болар,
Орман аралаған үйші болар.

Ел артындағы шаң жұғады,
Ел алдындағы май жұғады.

Ел ауызы дуалы,
Көп ауызы куәлі.

Ел барда ер қор болмас,
Ер барда ел қор болмас.

Ел боламын десең — бесігіңді түзе.

Ел бұзылса салады шайтан өрнек (Абай).

Елге берсең асыңды
ел қадірлер басыңды.
Итке берсең асыңды
ит мүжиді басыңды.

Елге дұшпан жерге сыймас,
Жерге дұшпан елге сыймас.

Елге, елек те керек, желек те керек.

Елге ел қосылса — құт,
Желге сел қосылса — жұт.

Елге ерсі іс істеме.

Елге жақса қылығың — елдің іші тынымың.
Елге жақпаса қылығың — үзіледі жұлының.

Елге келген жұмысқа:
                     жақсы жүрер қайысып,
                     жаман жүрер майысып (Майлықожа).

Елге қылған жақсылық еленбей калмайды,
Еңбек еткен ерінбей кенелмей қалмайды.

Елге мал көптік қылмайды,
Жерге тал көптік қылмайды,
Тарыға май көптік қылмайды,
Күрішке су көптік қылмайды.

Елге сыймаған жерге сыймайды.

Ел даусыз болмайды,
Ер жаусыз болмайды.

Елде болса ерінге тиеді,
Ауылда болса ауызға тиеді.

Ел дегенде езіліп,
жұрт дегенде жұмылып істе.

Елді ерке бұзады,
Етті желке бүзады.

Елді есі кеткен жамандайды.

Елді жерде түлкі аштан өлмес.

Елді жер — еңісті жер,
Еңісті жер — жемісті жер.

Елді қу бұзады,
Сүтті су бұзады.

Елдің даңқын қонағы шығарар,
Жердің даңқын бұлағы шығарар.

Елдің елдігі ерінен танылар,
Елдің байлығы жерінен танылар.

Елдің көзі елу.

Елдің күші елу батпан.

Елдің күші селдің күші.

Елдің іші береке,
Көптің іші мереке.

Елді сөкпе, кенді төкпе.

Ел ебелек емес,
Ер көбелек емес.

Ел-елдің бәрі жақсы,
өз елің бәрінен де жақсы.

Еленем десең елге жақ,
Жер емем десең жерге жақ.

Елеулі болғың келсе елден ас.

Ел жаусыз болмас,
Жер таусыз болмас.

Ел-жұртыңның қадірін,
Іс түскенде білерсің.
Сары тонның қадірін,
Қыс түскенде білерсің.

Ел жүрген жер береке,

Ер жүрген жер мереке.

Ел қонысынан айрылса,
Ер ырысынан айрылады.

Ел құлағы елу.

Елмен дауласпа, ермен жауласпа.

Елмен көрген еленбес.

Ел мойны жуан.

Ел ұлсыз болмас,
Жер гүлсіз болмас.

Ел ұнатқан ұлын жасқамайды.

Ел ұстасаң кек ұстама.

Елім бай болсын десең —
жеріңнің бабын тап.
Ерім сай болсын десең —
еліңнің бабын тап.

Елім — теңіз, ер — шөміш (Жиенбай жырау).

Елі мықтының — белі мықты.

Елін бөлген екі өледі,
Жерін бөлген жеті өледі.

Елін біреу қимай кетеді,
         біреу сыймай кетеді.

Елін елсінбеген, жерін жерсінбеген —
жат жұрттың аяғын жалар, саяғын бағар.

Елінен безіп, елсізде өлгеннің
екі көзін қарға шұқиды.

Елін сүйгеннің еңсесі биік.

Елінді жамандама — шығар төрің,
Жеріңді жамаңдама — кірер көрің.

Еліңді сүйсең ерлік істейсің.

Елінді тастап шетке кетпе,
шетке кетсең де көпке кетпе.

Елің жаман болса — бір жақсыны сығала,
Атың жаман болса — ақ текенің мүйізімен тағала.

Елің сені елесе — еңбегіңнің жанғаны,
Елің сені шенесе — көз қырына алғаны.

Ел іші алтын бесік.

Ерден аспақ бар, елден аспақ жоқ.

Ерді ел өсіреді,
Жерді гүл өсіреді.

Ерді ел теңгерер.

Ердің айнасы — елі,
Жердің айнасы — көлі.

Ер елімен жақсы,
Жер кенімен жақсы.

Ер елінде қадірлі,
Гүл жерінде қадірлі.

Ер елін табады,
Ақылды теңін табады.

Есептескен ел болмас,
Етектен кескен жең болмас.

Ескерген ескісін сақтайды,
Ел болған естісін сақтайды.

Естімеген елде көп.

Есі бүгін елден шықпайды,
елінің қырын жықпайды.

Есің барда елің тап.

Етекті ел — есепті ел.

Жанжалды елге жақын қонба,
Оқпанды жерге егін салма.

Жат елдің жақсысы болғанша,
өз еліңнің сақшысы бол.

Жер бауыры суық.
Ел бауыры жылы.

Жұтаған ел жұртын мақтайды,
Ашыққан ел құртын мақтайды.

Жығылған жерге сүйенеді,
Жыққан елге сүйенеді.

Жыртық жерді жел табар,
Шын бақытты ел табар.

Жігіті жүзге жеткен елді жүзіқара кемітеді.

Кеңесті ел азбас,
Кеңінен пішкен тон тозбас.

Көлде жүрген қоңыр қаз қыр қадірін не білсін.
Қырда жүрген дуадақ су қадірін не білсін.
Ауылдағы жамандар ел қадірін не білсін (Асан қайғы).

Көп ауырған ем табады,
Көп адасқан ел табады.

Көп ел — сарқылмас көл.

Қаз бен үйректің панасы — көл,
Жесір мен жетімнің панасы — ел.

Қалың елдің қарапайым жүрегі,
соны білсең сияпатың жүреді.

Қара жерді жамандама
қайтып сонда барсың.
Қауым елді жамандама
қарғысына қаларсың.

Қарамықтың дәні болғанша
бидайдың сабаны бол.

Жаман елдің жақсысы болғанша
жақсы елдің жаманы бол.

Қасықпен көлді құрта алмайсың,
Қастықпен елді құрта алмайсың.

Қона берсе жерің тозар,
Шаба берсе елің тозар.
Жасай берсе ерің азар,
Ерің азған кезде елің азар (Шал ақын).

Құт қонған елде Қыдыр қыдырып жүреді.

Озар елдің: қызы мінезді,
ұлы өнерлі келеді.

Өзге елге ұл болғанша
өз еліңе құл бол.

Өзек куа ағады өзен судың саласы,
Алыстан сәлем береді әдіпті елдің баласы.

"Өз елімнің басы болмасам да
сайының тасы болайын".

"Өз елім — өлең төсегім".

Өз елінде барқадар таппағанның
өзге елде жүйрігі шаппайды.

Өз елінде сызу сызбаған,
кісі елінде нақыш салады.
Өз елінде шекпен пішпеген,
кісі елінде мақпал пішеді.

Өз елің — тұғырың,
Өз жерің — қыдырың.

Өз жеріңцей жер табылғанмен
өз еліңцей ел табылмайды.

Өз мінін білген өзгеге төрелік берер.

Өзін-өзі білген ер бақытты,
Өзін-өзі билеген ел бақытты.

Өсер елдің баласы
қозысын күтіп қой қылар.

Өспес елдің баласы
қозысын сойып той қылар.

Өсетін елдің қарты — қазына,
Өспейтін елдің қарты — қазымыр.

Сағынған елін аңсайды,
Сарыала қаз көлін аңсайды.

Сырдың елі — жырдың елі.

Тау ағашсыз болмас,
Ел ұрыссыз болмас.

Тау белгісі тас болар,
Бар белгісі ас болар.

Азған елдің белгісі —
бір-біріне қас болар.

Тоғай аралаған үйші болады,
Ел аралаған сыншы болады.

Тозар елдің жанжалы бітпес,
Озар елдің арманы бітпес.

Тозған елді там жияр

Толған ел тарихын таспен жазады,
Тозған ел тарихын жаспен жазады.

Шетте жүріп тарығарсың,
өз еліңді сағынарсың.

Іргесі берік елді жау алмас,
Дауысы бірге елді дау алмас.


Тегтер:
Қосты: Kz_ref_Mara
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Мақал-мәтелдер
|
Көрсетілімі: 11 530
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.