Сайт мәзірі
» » Қассың ба, доссың ба?

Қассың ба, доссың ба?

    «Қассың ба, доссың ба?» ойыны тойларда ойналады. Бұл ойын бойынша қыздар мен жігіттер аралас отырады.  Әрбір жұп көрші болып есептелінеді. Ойынды бастаушы:
   ‑ Көршіңмен қассың ба, доссың ба?‑ деп сұрайды. Егер сұраған адамнан «доспыз» деген жауап естісе:
   ‑ Ендеше достығынды көрсет, ‑ дейді. Сонда әлгі адам көршісінің шашынан сипапнемесе сүюі керек.
    Егер «қаспын» деген жауап алса, ойынды жүргізуші:
   ‑ Ендеше, кіммен дос боласың? – деп сұрайды.
   Сонда ол біреудің есімін айтады. Сонан соң ойын бастаушысұралған адамның сыңарынан:
    ‑ Көршіңді бересің бе, бермейсің бе? – деп сұрайды.
    Егер бермеймін десе, ол сұраған адамның шартын орындауы тиіс.
    Шарт ‑ өлең айту, билеу, жұмбақ шешу, әйтпесе бір жаза болуы тиіс.
Тегтер:
Қосты: Mukhanov_Marat
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Ойындар
|
Көрсетілімі: 2 147
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.