Сайт мәзірі
» » Қарамырза

Қарамырза

    Ойын басталмас бұрын, оның ережесі түсіндіріледі. Біраз уақыттан кейін ойын бастаушы ойнаушыларға бірден: «Ассалаумағалейкум, Қарамырза!» ‑ дейді. Ойын тәртібі бойынша сәлем алушы: «Уағалейкумассалам, бірінші Қарамырза!» ‑ деп жауап беруі керек, егер байқамай, «уағалейкумассалам» деп жауап қайтарса, онда сәлем алушы ұтылады.
    Осылайша қатар отырған ойнаушылар бірін‑бірі аңдып шатыстыруға тырысады. Ол амандасқан сайын «қарамырзалардың» саны екінші, үшінші, төртінші болып арта береді, сәлем алушы сол нөмірді жаңылмай айтуы керек.
    Сөйтіп, аздан соң ойнаушылар «жеңгендер» мен «жеңілгендер» болып екі топқа бөлінеді, «жеңген жақ» «жеңілген жаққа» жаза белгілейді: олар ән айтып, күй тартып, би билеп дегендей жаза өтейді. Содан кейін ойынды қайта жалғастыруға болады.
Тегтер:
Қосты: Mukhanov_Marat
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Ойындар
|
Көрсетілімі: 1 607
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.