Сайт мәзірі

Қарагие

      «Қарагие» жас балалар арасында көп тараған ойындардың бірі. Ойын көгалды жер, алаңдарда ойналады. Ойынға ер балалар қатысады. Әр ойыншының қарағайдан немесе қайынан жаңылған 2‑2,5 метр бір басы үшкір сырықтары болады. Егер сырықтары жас ағаштан жасалған болса, үшкір жағын отқа ұстап кептіріп алу керек, сонда мұқалмайды.
    Ойын жүргізуші көмбеден 15‑20 метр жерге апарып жалауша тігеді. Ойынның мақсаты ‑ әрбір ойыншы белгіленген қашықтықтан өзінің таяғымен жалаушаны көздеу. Ойын жүргізушінің өзіне де ойнауға болады. Осылайша қай ойыншы жалаушаға көп тигізсе, сол ойыншы ұтқан болып саналады.
Тегтер:
Қосты: Mukhanov_Marat
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Ойындар
|
Көрсетілімі: 1 533
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.