Сайт мәзірі

Көрші

     Ойнаушылар екі‑екіден отырады да, бір ойыншы жалғыз қалдырылады. Ойын жүргізушінің мақсаты – сыңар қалған ойыншыға көрші іздеу.
      Ойын жүргізуші: «Саған кімнің көршісі керек?» ‑ деп сұрайды. Сыңар ойыншы: «Маған Ақылбектің көршісі керек», ‑ деп жауап береді. «Көршіңмен аразбысын, әлде татумысың?» ‑ деп сұрайды. Егер ол аразбын десе, сыңар ойыншыға келіп көрші болады. Татумын десе тату болғаны үшін, яғни көршісін бермегені үшін жаза тартады. Сыңар ойыншының ұйғаруымен көпшілік алдында өнер көрсетеді. Ал сыңар қалған ойыншы көрші іздейді. Осылайша ойын жалғаса береді.
Тегтер:
Қосты: Mukhanov_Marat
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Ойындар
|
Көрсетілімі: 3 470
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.