Сайт мәзірі
» » Сен білесің бе?

Сен білесің бе?

» Күн сәулесі жерге 8,5 минутта жетеді.

» Ай жерден 80 есе жеңіл.

» Толық күн тұтылудың ұзақтығы 7,0 минуттан аспайды. Ал толық ай тұтылу 104 минутқа жейін жетеді.

» Күн жүйесіндегі ең кішкентай планета – плутон, ал ең үлкені – юпитер.

» Күн жүйесіндегі ең ыстық планет – шолпан.

» Шолпанда күн батыстан шығып, шығыс жаққа батады.

» Жерден құралсыз көзбен көрінетін планета – уран.

» Тоқылдақ секундына 20 рет шоқып жей алады.

» Шолпандағы тәулік жердегі жылдан ұзақтау.

» Жердегі ең жылы теңіз – қызыл теңіз.

» Чилидегі Калама атты қалашықта мүлдем жаңбыр жаумайды.

» Жердің 70 пайызы сумен толтырылған, бірақ оның 1 пайызы ғана ішуге жарамды.

» Өлі теңіз мұхиттардан 7-8 есе тұздырақ.

» Солтүстік полюсте жылына 186 күн бойы күн көрінбейді.

» Табиғатта тек 96 элемент кездеседі, 11-і газ күйінде, 81-і қатты күйде.

» Дүние жүзіндегі сан түрлі қажеттілікке жарайтын ағаш – кокос пальмасы. Одан ең мықты құрылыс материалы алынады, жапырағынан үй жабады, жаңғағының қабығынан жіп иіреді, сыртқы қауашағынан ыдыс жасайды, шырынынан қант және шарап жасайды.

» Көміртегі жердегі барлық элементтерді қосқандағыдан көп қосылыс береді.

» Алмас қышқылда ерімейді, оны бұзатын жоғарғы температура ғана.

» Бұғылар мүктермен қоректенеді. Олардың құрамындағы минералды заттар бұғылардың денесін қыста бірқалыпты етіп ұстап тұрады.

» Жыландар қабақтары арқылы көре алады.

» Меркурийдегі жарты тәулік (күндізгі уақыт) жердегі бір жылдан екі есе ұзақ.

» Басын 360 градусқа бұра алатын жалғыз шыбын-шіркей – дәуіт.

» Қытайдың кейбір жазу машин­ка­ларында 5700 белгі бар. Оның кла­виа­турасының ені бір метрге жуық­тай­ды, сол себепті ең шебер деген қаріп теру­шінің өзі минутына ары кетсе, 11 сөз ғана жаза алады екен.

» Ресей мемлекетінің ең бірінші ас­та­насы - Ладога.

» Науру - ресми астанасы жоқ әлем­­дегі жалғыз мемлекет.

» Табиғатта сынаптан басқа сұйық күйде кездесетін тек бір элемент қана бар, ол – бром.

» 1603 жылы Жапонияда импе­ра­тор бұйрығымен жүзу міндетті оқу пәні бо­лып белгіленді.
Тегтер:
Қосты: TEMIRLAN
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Сен білесің бе?
|
Көрсетілімі: 4 986
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.