Сайт мәзірі
» » «3» те киелі сан

«3» те киелі сан


Үш жұрт

    Жігіттің 3 жұрты бар: өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты. Халық арасында мұны: өз жұртың – күншіл, нағашы жұртың – сыншыл, - деп мәтелдейді. Яғни ағайын бар болсаң – көре алмайды, жоқ болсаң – бере алмайды. Жақсы болсаң – күндейді, жаман болсаң – жүндейді. Қайын жұртың – қолыңның ұзындығына, жағаңның қызылдығына қарайды. Берсең – жағасың, бермесең – дауға қаласың. Нағашы жұртың – жақсылығыңа сүйінеді, әрқашан тілеуіңді тілейді, тілеуқор болады.

Үш қуат
1.     Асыл қуат.
2.     Жүрек қуат.
3.     Тіл қуат.
   Осылардың біреуі кем болса: кемдік көреді. Жүрек кем болса, топта сөз айта алмайсың, ақыл болмаса, тіл де, жүрек те лағып кетеді. Ал ол екеуі болып, тіл болмаса, жігіт үшін үлкен мін. Жігітке әуелі білім керек, екінші ғылым керек, үшінші – ұғым керек. Сонсон күтім керек, ыстық жүрек, орамды тіл керек. Сонда жігіттің төрт құбыласы түгел болады.

Үш арсыз
1. Ұйқы арсыз.
2. Күлкі арсыз.
3. Тамақ арсыз.

Үш даусыз
1. Мінез.
2. Кәрілік.
3. Ажал.

Үш ғайып
1. Дидар – ғайып (кездесу).
2. Несіп – ғайып.
3. Ажал – ғайып.

Қазына
-        Қазына кімде? – деп сұрапты Абылай Бұқардан.
-        Бізден сөз кетті ғой, өзің айта берсейші, - дейді Бұқар жырау.
-        Мен айтсам, қазына байда, басқа кімде болушы еді? – депті Абылай. Сонда Бұқар: үш рет жұт болса, байда қазына қалмайды. Үш рет жау шапса, ханда қазына қалмайды. Қазына білімдінің басында, - дейді Бұқар жырау.

Үш тағылым
1.   Мейірімнен – сауап.
2.   Жақсылықтан – шарапат.
3.   Жамандықтан – кесапат.

Үш арыс
Сәкен, Бейімбет, Ілияс.

Үш би
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.

Үш кедейлік
1. Кежірлік. 
2. Еріншектік.
3. Ұйқы.

Үш қадірсіз
1.   Жігіттік.
2.   Денсаулық.
3.   Жақсы жер.

Үш көз
1.    Су анасы – бұлақ.
2.    Жол анасы – тұяқ.
3.    Дау анасы – құлақ.

Үш жамандық
1.    Нақақ қан төгу.
2.    Аманатқа қиянат.
3.    Ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу.

Үш жақын
1.   Жарық дүние.
2.   Балаң.
3.   Жарың.

Үш тоқтам
1.   Ақыл – арқан.
2.   Ой – оріс.
3.   Адам қазық.

Үш қасиет
1.    Өліде - аруақ.
2.    Малда – кие.
3.    Аста – қасиет.

Үш кемістік
1.   Атың жаман болса – жалғанның азабы.
2.   Алғаның жаман болса – дүниенің тозағы.
3.   Балаң жаман болса – көрінгеннің мазағы.

Үш дана
Абай, Шоқан, Ыбырай.

Үш артық
1.   Адалдық.
2.   Еңбексүйгіштік.
3.   Өнерпаздық.

Не бар?
1.   Балдан – тәтті – бала бар.
2.   Қылыштан өткір – тіл бар.
3.   Удан ащы - әдепсіздің аузынан шыққан сөз бар.

Үш байланыс
1.    Әке – асқар тау.
2.    Шеше – мөлдір бұлақ.
3.    Бала – жағасындағы құрақ.

Үш сауап
1.   Шөлге құдық қазған.
2.   Өзенге көпір салған.
3.   Жолға ағаш еккен

Үш тәтті
1.   Ананың сүті.
2.   Баланың күлкісі.
3.   Туған жер.

Үш қадірлі
1.   Ырыс.
2.   Баң.
3.   Дәулет.

Үш кемдік
1.   Надандық.
2.   Еріншектік.
3.   Зұлымдық.

Үш билік
1.   Билік.
2.   Дәулет.
3.   Даналық.
 



1. Үш жүз
Ұлы жүз. Орта жүз. Кіші жүз.
2. Үш жұрт
Ағайын жұрт. Нағашы жұрт. Қайын жұрт.
3. Үш байлық
Бірінші байлық – денсаулық.
Екінші байлық – ақжаулық.
Үшінші байлық – қорадағы он саулық.
4. Үш би
Төле би. Қаз дауысты Қазыбек би. Әйтеке би.
5. Үш дана
Абай. Шоқан. Ыбырай.
6. Үш арыс
Сәкен. Бейімбет. Ілияс.
7. Үш қат
Жоғары қат (аспан).
Орта қат (жер үсті).
Төменгі қат (жер асты).
8. Үш қуат
Ақыл қуат. Жүрек қуат. Тіл қуат.
9. Үш ғайып
Ажал ғайып. Қонақ ғайып. Несібе ғайып.
10. Үш арсыз
Ұйқы арсыз. Тамақ арсыз. Күлкі арсыз.
11. Үш дауасыз
Мінез. Кәрілік. Ажал.
12. Үш қадірлі
Ырыс. Бақ. Дәулет.
13. Үш қадірсіз
Жастық шақ. Денсаулық. Жақсы жардың (әйел) қадірін білмеу.
14. Үш жамандық
Нақақ қан төгу. Кісі малын нақақ алу. Ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу.
15. Үш жақын
Жан тәтті. Мал тәтті. Жар тәтті.
16. Үш ақиқат
Қымбат – шындық. Арзан – өтірік. Даусыз – кәрілік (Жанқұтты шешен).
17. Үш қуаныш
Алғыс алу. Өзінді көптің іздеуі. Ісіңнің өшпеуі.
18. Үш биік
Билік. 2. Дәулет. 3. Даналық.
19. Үш асыл
Көз. Тіл. Көңіл.
20. Үш артық
Адалдық. Еңбексүйгіштік. Өнерпаздық.
21. Үш ынтық
Еркін өмір. Құрметке бөлену. Пайдалы еңбек ету.
22. Үш тұл
Қайратсыз ашу тұл.
Тұрлаусыз ғашық тұл.
Шәкіртсіз ғалым тұл (Абай).
23. Үш апат
Ғалымдар мен қарттарды сыйламау. Өкіметті сыйламау. Асты ысырап ету.
24. Үш мұрат
Жол мұраты – жету. Дау мұраты – біту. Қыз мұраты – кету.
25. Үш кедейлік
Кежірлік. Еріншектік. Зұлымдық (Абай).
26. Үш бақытсыздық
Жаман ат. Жаман қатын. Жаман көрші.
27. Үш көз
Су анасы – бұлақ. Жол анасы – тұяқ. Сөз анасы – құлақ.
28. Үш тоқтам
Ақыл – арқан, ой - өріс, адам – қазық.
29. Үш қасиет
Өліде – аруақ. Малда – кие. Аста – кепиет.
30. Үш тағылым
Мейірімнен – сауап. Жақсылықтан – шарапат. Жамандықтан – кесапат.
31. Үш тәтті
Жан. Мал. Жар.


Тегтер:
Қосты: Mukhanov_Marat
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Сен білесің бе?
|
Көрсетілімі: 13 908
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.