Сайт мәзірі

Жетілік ұғым

      Табиғаттың тылсым сыры көп. Көшпенділер ұғымында күннің көзі 7 бөлікке бөлінеді. Аптада 7 күн. Бір ғажабы бұл атаулар өзгермейтін өлшем бірліктері. Қазақта 3, 5, 7 сандары киелі сан болып есептеледі. Жаңа туған нәрестенің шілдеханасы 7-ші күні жасалады. Қайтыс болған кісінің 7-сі беріледі. Білімдар кісіні «7 жұрттың тілін біледі» дейді. Көкте 7 қабат, жерді 7 қат деп түсіндіретін сол ата-бабалар. Тіпті жұт 7 ағайынды деген сөздің де өзі тұрмыстық жағдайдан келіп туындайтын байлам! Әз Тәукеханның 7 жарғысы мен 7 қазына деген атаулардағы 7-лік санның тектен тек тумағандығы айқын. Қауіп-қатерден аман қалған адам үшін, не анасы, не жұбайының 7 шелпек пісіруі не садақаға 7 түрлі нәрсе таратуы да наным түсініктен ғана тумаған құбылыс екен. «7-ге келгенше жерден таяқ жейсің», «7 атасын білмеген - жетесіз» деген даналық тұжырымы, ұрпақ көшінің үзілмеуін тілеген ізгі ниеттен шыққан.

Жеті бірдей өренбіз,
Жеті шумақ өлеңбіз,
Жеті түрлі бояумыз,
Жеті түрлі әуенбіз.
Мейлі, бізді мақтама,
Бірақ бекер даттама.
***
Көрші – Жеті қарақшы,
Жеті күн бар аптада.
Жеті жұт
1.   Құрғақшылық.
2.   Жұт.

Неде қасиет жоқ?
Бал салмаса, ара қасиетсіз,
Жанбай қалған шала қасиетсіз.
Әдепсіз болса, бала қасиетсіз,
Әділетсіз болса, дана қасиетсіз.
Көк шықпаса, жер қасиетсіз,
Ойсыз болса, ер қасиетсіз.
Жылуы болмаса, түбіт қасиетсіз,
Жігері болмаса, жігіт қасиетсіз.

Наурыз көже
1.   Тұз.
2.   Су.
3.   Ақ. (Құрт, қатық, айран).
4.   Ет (Соғымнан қалған).
5.   Кеспе.
6.   Бидай (келіге түйген).
7.   Күріш не тары.
Жеті түрлі дәм қосылады

1.   Жеті атасын білген ер,
2.   Жеті жұрттың қамын жер.
3.   Өрт.
4.   Оба.
5.   Соғыс.
6.   Топан су.
7.   Зілзала.

Аптаның жеті күні
1.  Дүйсенбі
2.  Сейсенбі
3.  Сәрсенбі (сәтті күн)
4.  Бейсенбі
5.  Жұма (қасиетті күн)
6.  Сенбі
7.  Жексенбі
7 дегенім – жалау,
жүректегі алау.
7 дегенім – жейде,
Кір болмасын кейде.
7 – жеңіс біздікі.

Жеті қат көк
1.    Ай.
2.    Меркурий (шоқ ж.)
3.    Шолпан.
4.    Күн.
5.    Марс (өмірзая).
6.    Муштари (Юпитер).
7. Сатурн.

Жеті жетім
Тыңдамаған сөз жетім.
Киюсіз тозған бөз жетім.
Иесіз қалған жер жетім.
Басшысы жоқ ел жетім. Аққу, қазсыз көл жетім.
Жерінен айрылған ел жетім.
Замандасы қалмаса
Бәрінен де сол жетім.

Жеті шелпек

    Үлкендер бір нәрседен қауіп қылса, үрейленсе, болмаса жайсыз жатып, жаман түс көрсе, жеті нан, жеті шелпек айтады. Жеті нанды қасиетті жұма, сәрсенбінің сәтіне пісіріп, жеті үйге таратады.
    Алушы: «Қабыл болсын», - дейді. Таратушы: Әумин! деп жауап береді. Оны таратып болған соң: «Ата-балаларға тие берсін», - деп ауыз тиіп, аруақтарға арнап, аят оқып, бата қылады. Сонда аруақтардың мұрнына нанның исі тиеді. Сосын жеті нан әрқашанда аруақ болып желеп-жебеп, бәле-жаладан қорғап жүреді, - дейді. Бұл жеті санының киелі қасиеттілігінен болса керек.

Жетіген
Қолға алайын, аспабым жетігенім,
Бізге ғасыр қойнынан жетіп едің.
Елді жаудан қорғамақ болған кезде.
Қапылыста қиылған жеті ұл едің.
Бөлшегісің баба айтқан шежіренің,
Тыңдап күнде аңызды көз ілемін.
Жетігенде ойнасам, жеті ерді,
Жіберердей оятып сезінемін.

Тегтер:
Қосты: Mukhanov_Marat
|
Автор: автор көрсетілмеген
|
Бөлім: Сен білесің бе?
|
Көрсетілімі: 7 292
Түсініктеме қосу
Ақпарат
Қонақтар тобында тұрған келушілер, осы жарияланымға түсініктеме қалдыра алмайды.