Асыл шөп
Зылиха мен Бәтима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп, қалаға келе жатыпты. Зылиха аһілеп-уһілеп, Бәтима күліп, әзілдесіп келе жатады. Сонда Зылиха айтады: — Сен неге мәз болып, қуанып келесің? Төбеңдегі жәшіктің ауырлығы менің басымдағыдан кем емес, өзің де менен күшті емессің. — Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым, — дейді Бәтима. — Ай, ондай болса, сол шөбіңнің атын айтшы, мен де ауырымды жеңілдетейін, — деді Зылиха. — Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын. Оның аты – «сабыр», — деп, айтқан екен .
Дереккөз: wikisource.org