Қарға мен құрт

Ыбырай Алтынсарин

Қарға ұшып жүргенде жерде жорғалап бара жатқан құртты көріп, тұмсығымен тістеп алып ұшып кетті. Құрт байғұс істің жаманға айналғанын біліп: — Әй, қарға батыр, әке-шешеңді де көріп едім, асқан жақсы құстар еді, — деді. Қарға тәуір көріп, тұмсығымен «уһ!» деді. — Апа-ағаларыңды да білуші едім, — деді құрт. Қарға тағы «уһ!» деді. — Бірақ соның бәрі де сенен жаксы емес еді, — деді. Сонда қарға масаттанып «аһ!» дегенде, аузы ашылып кеткен соң, құрт жерге түсіп кетіп, құтылды дейді.

Дереккөз: wikisource.org
Шағым жіберу