Қанағат
Әзірет Әлиден бір жұтЖұт — еврей келіп сұрады дейді: — Толық байлық қайтсең табылады? Әли айтты: — Қанағат ете білсең. Қанша мал көп те болса қанағаты жоқ кісі байлыққа жеттім деп тоймайды; қанша мал аз да болса барына қанағат ете білсе, бұл адамның көңілі жайлы, тынышырақ болады; — соның үшін Әзірет Әлі, — байлық — қанағатта,— деді.
Дереккөз: wikisource.org